НАРЫҚҚА ҚЫСҚАША ШОЛУ
НАРЫҚҚА ҚЫСҚАША ШОЛУ

2023 жылы құрылыс саласында 2022 жылмен салыстырғанда өсім байқалады (13 %). Құрылыс жұмыстарының көлемі 13,3 % ұлғайып, 7 495 млрд теңгені құрады. 2022 жылмен салыстырғанда 2023 жылы құрылыс көлемінің ұлғаюы ғимараттар (26,4 %) мен тұрғын үйлерді (7 %) салу және жөндеу жұмыстарымен байланысты. 2023 жылғы қаңтар-желтоқсанда атқарылған құрылыс қызметтерінің ішінде ең көп үлесті тұрғын емес ғимараттардың (жалпы көлемнің 19,5 %), тұрғын үйлердің (14,7 %) және автомобиль жолдарының (14,5 %) құрылысы алды. Республика бойынша аяқталған жалпы құрылыс жұмыстарының көлемінің жеке құрылыс ұйымдары – 88,5 %, шетелдік ұйымдар – 11,3 % және мемлекеттік ұйымдар – 0,2 % орындады.

2023 жылы тұрғын үй құрылысына құйылған инвестиция көлемі өткен жылмен салыстырғанда 5,9 % өсіп, 3 090 млрд теңгені құрады.

Өңірлерге шаққанда Астана қаласына 560 млрд теңге (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,1 % аз), Алматы қаласында – 647 млрд теңге (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,0 % көп) және Шымкент қаласында – 283 млрд теңге (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21,2 % артық) инвестиция салынды. Жалпы инвестиция көлеміндегі ең көп қаржы үлесі Астана және Алматы қалаларында сақталады (тиісінше 18,1 % және 20,9 %).

АЯҚТАЛҒАН ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ КӨЛЕМІ (МЛРД ТЕҢГЕ)
Дереккөз: ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Ұлттық статистика бюросы
БАСПАНА ҚҰРЫЛЫСЫНА ҚҰЙЫЛАТЫН ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІ
бюджеттен бөлінетін қаржы
қарызға алынатын қаржы
жеке қаржы
шетелдік инвестициялар
Дереккөз: ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Ұлттық статистика бюросы

2023 жылы Қазақстан бойынша тұрғын үй құрылысына салынған инвестиция құрылымында қаржыландырудың басым бөлігі құрылыс компаниялары мен халық қаражаты болып қала берді (87,9%).

НБюджеттен бөлінетін қаражат үлесінің айтарлықтай қысқаруы байқалады: 2022 жылы 9,9 % болса, 2023 жылы – 8,8 %. 2022 жылы тұрғын үй құрылысына 4,8 % қарыз қаражат құйылса, 2023 жылы бұл көрсеткіш 3,3 % азайған. Банктердің тұрғын үй құрылысына бөлген қарыз қаражатының үлесі – 0,9 % болса, басқа да қарыз қаражаттарының (банк кредиттерінен бөлек) үлесі инвестиция жалпы көлемінің 2,4 % құрады.

Астанадағы тұрғын үй құрылысына тартылған инвестицияның жалпы көлеміндегі бюджет қаражатының үлесі 3,1 %, халық қаражатының үлесі 94,0 %, қарыз 2,9 % құрады. Алматы қаласындағы тұрғын үй құрылысына бюджеттен 0,03 %, халықтың меншікті қаражатынан 94,8 %, қарыз есебінен 5,2 % инвестиция тартылған. Шымкентте тұрғын үй құрылысына бюджет есебінен 10,6 %, халық қаражатынан 89,4 % тартылып, қарыз қаражат есебінен құрылыс жүргізілмеген.

Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 11,9 % ұлғайды және 17 537 мың м2 құрады, оның ішінде 10 911 мың м2 – көппәтерлі, 6 481 мың м2 – жеке үйлер. Тұрғын үй алаңдарын іске қосу қарқыны 2022 жылғы қаңтар–желтоқсанмен салыстырғанда Астанада – 58,1 %, Алматыда – 30,7 %, Шымкентте – 1,0 %, Жетісу және Ұлытау облыстарында – 11,0 % және 31,6 % өсті. Тұрғын үйдің басым бөлігін (5 850 мың м2 немесе 90,4 %) жеке құрылыс компаниялары пайдалануға берді, оның ішінде тұрғындар үлесі – 6 635 мың м2. Бұл іске қосылған нысандардың жалпы көлемінің 37,8 % құрайды.

2023 жылдың желтоқсан айында Қазақстанда тұрғын үй бағасы өсті. Ел бойынша орта есеппен алғанда жаңа тұрғын үйдің 1 м2 бағасы 494,9 мың теңге болды (2022 жылғы желтоқсанға қарағанда 3,4 % жоғары). 2022 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда жаңа тұрғын үйдің орташа бағасының өсуі Астана (2,3 %), Алматы (5,4 %), Ақтау (7,3 %), Павлодар (8,5 %), Семей (4,2 %), Петропавл (10,6 %) қалаларында байқалады. Астана және Алматы қалаларындағы жаңа тұрғын үйдің 1 м2 бағасы орташа республикалық деңгейден жоғары болып, тиісінше 588,8 мың теңге және 577,6 мың теңгені құрады.

БАСПАНА ҚҰРЫЛЫСЫНА САЛЫНҒАН ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ ЖАЛПЫ КӨЛЕМІНДЕГІ ӨҢІРЛЕР ҮЛЕСІ, %/div>
2022
2023
Дереккөз: ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Ұлттық статистика бюросы

Шымкент қаласындағы жаңа тұрғын үйдің 1 м2 бағасы 435,7 мың теңгені құрады.

Тұрмысқа жайлы баспананы қайта сату бағасы 2022 жылдың желтоқсанына қарағанда 3,7 % төмендеп, 494,4 мың теңгені құрады.

2022 жылмен салыстырғанда 2023 жылдың желтоқсан айында ел бойынша орта есеппен тұрмысқа жайлы (қайталама) баспананың 1 м2 құны 3,7 % арзандап, 494,4 мың теңге болған. Жыл бойы Қостанай (2,5 %), Қызылорда (6,9 %), Ақтөбе (5,0 %), Атырау (8,2 %), Жезқазған (5,4 %) қалаларында бағаның айтарлықтай өсуі байқалады. Астана (575,5 мың теңге) және Алматы (612,0 мың теңге) қалаларындағы тұрмысқа жайлы қайталама баспананың 1 м2 құны орташа республикалық деңгейден жоғары болып отыр.

2023 жылғы желтоқсанда тұрмысқа жайлы баспананы жалға алудың орташа бағасы 1 м2 үшін 4 871 теңгені құрады (2022 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 1,6 % жоғары).

2022 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 2023 жылы тұрмысқа жайлы баспананы жалға алу бағасы 1,6 % өсті. Бұл көрсеткіштің айтарлықтай өсуі Петропавл (15,8 %), Көкшетау (26,1 %), Қызылорда (21,4 %), Жезқазған (33,4 %), Талдықорған (17,1 %) және Қарағанды (23,0 %) қалаларында байқалады. Алматы қаласында 1 м2 жалға алу құны орташа республикалық мәннен жоғары болып, 5 549 теңгені құрады.

2023 жылдың желтоқсан айында баспаналарды сату-сатып алу бойынша жасалған мәміле саны өткен жылмен салыстырғанда 12,6% өсіп, барлығы 33587 мәміле тіркелген. Ең жоғары теріс көрсеткіш Ақтөбе облысында тіркелді (15,3%), ал ең үлкен өсім Алматы облысында тіркелді (62,3%). Сонымен қатар, 2023 жылдың қаңтар–желтоқсан айларында жасалған мәміле саны өткен жылмен салыстырғанда төмендеп, 20,5% құраған.

Нарыққа қысқаша шолу
14