Есеп туралы
Есеп туралы
GRI
2-3, 2-4, 2-5, 2-14, 3-3

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ жыл сайынғы корпоративтік есеп беру дәстүрін жалғастыра отырып 2023 жылы он бесінші құжатты шығарып отыр. Барлық есептер www.skcn.kz ресми сайтында жарияланған. Бұл есеп Қоғамның 2023 жылғы қаржылық және қаржылық емес көрсеткіштерін үйлестіріп, корпоративтік басқару жүйесі мен тұрақты дамудың өзара байланысын көрсетеді. Жылдық есеп концепциясын әзірлегенде мүдделі тараптармен өзара диалог нәтижелері, тұрақты даму саласындағы алдыңғы есепке қатысты Директорлар кеңесінің ұсыныстарына мониторинг жүргізілді.

Жылдық есептің сапасын жақсарту мақсатында жетекші компаниялардың корпоративтік сайттарындағы жылдық есептерге бенчмаркинг жасалды.

Осы есепті жариялаудағы мақсат – оқырмандарды Қоғамның қызметіне әсер еткен барлық маңызды оқиғалардан хабардар ету. Қоғам мүдделі тараптарға стратегияны қалай қалыптастырғанын, активтерді қалай басқаратынын, қажетті қаржылық көрсеткіштерге қалай қол жеткізгенін, келешекте тұрақты қызметті қалай қамтамасыз ететінін, және де акционер мен барлық тараптарға таралатын бағаны қалыптастыру үшін қалай жұмыс істеп жатқанын түсіндіруді мақсат тұтады. Жылдық есептің үлкен аудиториясының қатарына дәстүрлі түрде қызметкерлерді, Жалғыз акционерді, Директорлар кеңесінің мүшелерін, өңір тұрғындарын, мемлекеттік органдарды, қаржы институттарын, клиенттер мен серіктестерді жатқызуға болады. Компанияда кері байланыс алудың түрлі арналары жұмыс істейді. Жылдық есеп бойынша ескертулер мен тілектер «Байланыс ақпараты» бөлімінде көрсетілген телефон және электрондық пошта арқылы қабылданады. Жылдық есептің кей тұсында ақпараттың қайталанбауы үшін көпшілікке қолжетімді басқа құжаттарға сілтемелер келтіріледі.

Маңызды тақырыптарды анықтау үшін Қоғам қызметкерлері мен сыртқы мүдделі тараптардың өкілдері арасында сауалнама жүргізілді. Осының негізінде маңызды тақырыптардың матрицасы жасалды.

GRI
3-3

Ең жоғары ұпай жинаған тақырыптар маңызды деп танылды. 2022 жылғы есепте жарияланған аспектілермен салыстырғанда, стейкхолдерлер сауалнамасының нәтижелері бойынша «Сатып алу тәжірибесі», «Су және ағынды сулар» тақырыптары маңызды, ал «Әртүрлілік пен тең мүмкіндіктер», «Мемлекеттік сая сат» тақырыптары 2023 жылғы есепте жариялауды талап етпейтін тақырыптар деп танылды. Жылдық есептегі ақпарат аясы Қоғамның барлық ықпалын сипаттайтындай өзекті етіп алынған. Алдыңғы есеп беру кезеңімен салыстырғанда бұл жарияланымда «Самұрық-Қазына Девелопмент» ЖШС еншілес ұйымы бойынша деректер енгізілген. 2023 жылы аталған серіктестіктегі Қоғамның еншілік үлесі 100% құрады. Алдыңғы есепте жарияланған ақпаратқа өзгерістер енгізілген жоқ.

Бұл есеп сыртқы куәландырудан өтпеді.

GRI
2-5

Қоғам GRI және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына, соның ішінде қаржылық және өндірістік көрсеткіштерге сүйене отырып деректер дайындап ұсынды. Жылдық есептің 1-қосымшасында Қоғамның мүдделі мәмілелері мен ірі шарттары туралы ақпарат, 2-қосымшасында GRI мазмұндық индексі, 3-қосымшасында Стейкхолдерлермен өзара қарым-қатынас стратегиясы, 4-қосымшасында GRI көрсеткіштері, 5-қосымшасында тәуелсіз аудитордың 2023 жылғы шоғырландырылған қаржылық есебі ұсынылады. Есеп GRI стандарттарына сүйене отырып жасалған. Есеп беру кезеңі – 2023 жылғы 1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығы.

GRI
2-3

Есеп қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде бірдей жарияланды. Құжат мазмұнымен Қоғамның интернет сайтында танысуға болады.

Қоғам Басқармасы Есепті алдын ала мақұлдап, содан кейін Директорлар кеңесі бекітеді.

GRI
2-14
Есеп туралы
4