ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ ТӨРАЙЫМЫНЫҢ ҮНДЕУІ
ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ
ТӨРАЙЫМЫНЫҢ ҮНДЕУІ
С. СӘТЖАН

«SAMRUK-KAZYNA CONSTRUCTION»
АҚ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ,

«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» АҚ ДАМУ ЖӘНЕ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ,

БАСҚАРМА МҮШЕСІ

Құрметті әріптестер, инвесторлар, серіктестер!

МНазарларыңызға «Samruk-Kazyna Construction» АҚ (бұдан әрі – Компания) 2023 жылғы қызметі туралы жылдық есепті қуана ұсынамыз.

2024 жылы Компания 15 жылдық мерейтойын тойлайды. Ол он бес жыл бұрын жауапты міндетті атқару үшін – құрылысы аяқталмаған объектілерді пайдалануға беру және елдегі мыңдаған үлескерлердің проблемаларын шешуге бағытталған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру үшін құрылған. Он бес жыл ішінде жинақтаған үлкен тәжірибесі мен кәсіби біліктілігі Компания атына мемлекеттік бағдарламалардың табысты операторы атағын бекітіп берді.

Есептік жылда Компания құрылыс жұмысының белгіленген талаптарға сәйкестігін, мердігерлерді іріктеудің тиімділігі мен әділдігін, нысандардың сапалы болуын қамтамасыз ететін, «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасын іске асырушы жауапты Дирекция рөлінде бар күшін салды.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы орта білім беру саласындағы апатты объектілер мен үш ауысымдық оқытуды жойып, орын тапшылығы мәселесін жүйелі түрде шешуге бағытталған. Компанияның басқаруымен 2023–2025 жылдары еліміздің барлық өңірлеріндегі қалаларда да, шалғай елді мекендерде де екі ауысымға шаққанда 707,2 мың оқушы орнына 359 жайлы мектеп салу жоспарланып отыр.

Компания корпоративтік басқару жүйесін де жетілдіріп келеді. Директорлар Кеңесі құрамындағы тәуелсіз директорлардың санына және гендерлік әртүрлілігіне қатысты үздік әлемдік тәжірибені ұстана отырып, Компания тәуелсіз директорлар санын 50%, әйелдер санын кемінде 30% жеткізді.

Сондай-ақ 2023 жылы Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі Компанияның шетелдік және ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтерін «BB» деңгейінде, яғни «Тұрақты» деп танығанын атап өткім келеді.

2023 жылды қорытындылай келе «Samruk-Kazyna Construction» АҚ командасына, Директорлар кеңесінің мүшелеріне, сондай-ақ серіктестерімізге алғыс айтып, Компанияның Даму стратегиясын іске асырудағы негізгі қызмет бағыттары бойынша қойылған мақсаттарға жететіндігіне сенім білдіремін.

С. СӘТЖАН

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ
Директорлар кеңесінің төрайымы,
«Самұрық-Қазына» АҚ Даму және жекешелендіру
жөніндегі басқарушы директоры, Басқарма мүшесі

Директорлар кеңесі төрайымының үндеуі
2