Жылдың маңызды оқиғалары
ЖЫЛДЫҢ МАҢЫЗДЫ ОҚИҒАЛАРЫ
01
Наурыз
  • 2020 жылғы 29 желтоқсанда Қоғамның Директорлар кеңесі «Самрук-Казына Девелопмент» ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік) мен «VentKarkaraServis» ЖШС арасында жасалған Серіктестіктің жарғылық капиталындағы 51% үлесін сату-сатып алу келісім-шартын бұзуды мақұлдады, және де Серіктестіктің 100% жарғылық капиталына қатысуын көздейтін жаңартылған Жарғысын бекіту туралы шешім қабылдады.
02
Сәуір
  • 2023 жылғы 20 сәуірде С.Н. Мыншарипова Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры болып сайланды.
03
Мамыр
  • 2023 жылғы 5 мамырда «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма төрағасы М.З. Айманбетов Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.
  • 2023 жылғы 12 мамырда Е.Б. Қыдырбаев Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры болып сайланды.
  • 2023 жылғы 19 мамырда А.А. Милютин Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры болып сайланды.
04
Маусым
  • Алматы қаласы «Ақкент» ықшам ауданындағы «Ақкент» тұрғын үй кешеніндегі №6, 7, 11, 8, 9, 10 үйлер пайдалануға берілді.
05
Шілде
  • 2023 жылғы 27 шілдеде «Самұрық-Қазына» АҚ Даму және жекешелендіру жөніндегі басқарушы директоры, Басқарма мүшесі С.Е. Сәтжан Қоғамның Директорлар кеңесінің төрайымы болып сайланды
  • 2023 жылғы 5 шілдеде Қоғам Жалғыз акционерге 3 218 558 000 теңге мөлшерінде дивиденд төледі.
06
Тамыз
  • Алматы қаласында Gul-Ana тұрғын үй кешені пайдалануға берілді.
  • Қоғамның облигацияларын (ISIN KZX000000633) AIX-те 2 млрд RUB сомасына толық мерзімінен бұрын өтеу жүзеге асырылды.
07
Қыркүйек
  • C Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі Қоғамның ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтерін шетелдік және ұлттық валютада «BB» деңгейінде «Тұрақты» деп таныды.
  • Ақтөбе қаласында «Бавария» тұрғын үй кешені пайдалануға берілді.
08
Қазан
  • Қонаев қаласында «Sun City» тұрғын үй кешені пайдалануға берілді.
  • «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның 2024–2028 жылдарға арналған Бизнес-жоспары бекітілді.
  • «Жайлы мектеп» «Білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 қарашадағы №963 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 31 қазандағы № 957 қаулысымен бекітілді.
09
Қараша
  • Астана қаласында Мыңжылдық аллеясында (2-кезек) көппәтерлі тұрғын үй кешені пайдалануға берілді.
  • Атырау қаласы, Сұлтан Бейбарыс даңғылы, №498 ғимарат мекенжайы бойынша көп салалы тұрғын үй кешені пайдалануға берілді.
10
Желтоқсан
  • Астана қаласында шатыр және қаптау материалдарын шығаратын зауыт іске қосылды.
  • 2023 жылғы 19 желтоқсанда Қоғам Жалғыз акционерге 3 218 557 000 теңге мөлшерінде дивиденд төледі.
  • Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №197 шешімімен Қоғамның 2023–2032 жылдарға арналған Даму стратегиясы бекітілді.
Жылдың маңызды оқиғалары
20