Мақсаттар мен жоспарлар
2024 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН
МАҚСАТТАР МЕН ЖОСПАРЛАР

2024 жылы Қоғам Қоғамның Миссиясы негізінде айқындалған мақсаттар мен міндеттерді іске асыруды жалғастыруды жоспарлап отыр. Бұл жоспардың ішінде «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасын іске асырып, еліміздің 17 облысы мен 3 ірі қаласында 208 мектептің құрылысын аяқтау да бар.

Инвестициялық қызметті жүзеге асыру аясында Қоғам Астана, Тараз, Өскемен, Көкшетау, Ақсу қалаларында (Павлодар облысы) 5 тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтауды жоспарлап отыр.

Қоғам «Нұрлы жер» бағдарламасына салынған инвестицияны қайтару, дағдарысқа қарсы бағдарлама шеңберінде сатып алу құқығымен жалға берілген және сатылған үй-жайларды басқару, «Түркістан БГҚ» ЖШС үлестерді сенімгерлік басқару жөніндегі жұмыстарды жалғастырады.

2024 жылға қойылған мақсаттарды жүзеге асыру үшін Қоғам операциялық тиімділік деңгейін, жалға алушылармен сындарлы диалогқа бағытталған жедел кері байланысты ұйымдастыруды, сондай-ақ, ақпараттық және сыбайлас жемқорлық қаупінің алдын алу мақсатында бизнес-процестерді автоматтандыру және цифрландыру деңгейін арттыруды жоспарлап отыр.

Қоғам табысын ұлғайту мақсатында инвестициялық қызметті кеңейту жөніндегі жұмысты да жалғастырмақ.

2024 жылы 2024–2025 жылдарға арналған ESG енгізу жоспарымен бекітілген іс-шараларды іске асыру арқылы корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру және тұрақты даму қағидаттарын енгізу жөніндегі қызмет жалғасын таппақ.

2024 жылға арналған мақсаттар мен жоспарлар
22