«Samruk-Kazyna Construction» АҚ Жарғысының 29-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Директорлар кеңесінің сандық құрамын, өкілеттік мерзімін айқындау, оның мүшелерін сайлау және олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, кеңес төрағасын сайлау, сонымен бірге кеңес мүшелеріне сыйақы төлеу мөлшері мен шарттарын айқындау мәселелері «Самұрық-Қазына» АҚ айрықша құзыретіне жатады.
Директорлар кеңесінің мүшесі «Акционерлік Қоғамдар туралы» Заңның 1-бабының 20-тармақшасына, «Тәуелсіз директор» корпоративтік басқару Жарғысы мен кодексіне сәйкес сайланады. Кеңес мүшесінің:
- Қоғамның үлестес тұлғасы болмауы тиіс;
- сайланғанға дейінгі үш жыл ішінде Директорлар кеңесінің құрамында болмауы тиіс (Қоғамның тәуелсіз директоры лауазымында болған жағдайды қоспағанда);
- Қоғамның үлестес ұйымдарында үлесі болмауы тиіс;
- Қоғамның лауазымды тұлғаларына немесе ұйымдарына, үлестестеріне тәуелді байланысы болмауы тиіс;
- сайланғанға дейінгі үш жыл ішінде осы адамдарға бағынышты болмаған;
- Бүгінде және сайланғанға дейінгі үш жыл ішінде Қоғамның аудиторы болған емес;
- аудиторлық ұйымның құрамында жұмыс істейтін аудитор ретінде Қоғамның аудитіне қатыспаған және сайланғанға дейінгі үш жыл ішінде мұндай аудитке қатыспаған;
- мемлекеттік қызметкер болып табылмайды;
- сайланғанға дейінгі үш жыл ішінде Қоғам органдарының отырыстарында Жалғыз акционердің өкілі болмаған және бүгін ондай міндетті атқармайтын болуы қажет
Кеңес мүшелері өзге ұйымдардағы лауазымдарда қосымша қызмет атқаратыны туралы Директорлар кеңесіне алдын ала хабарлауы керек.
Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшелері бәсекелес ұйымдардың Директорлар кеңесінің құрамына кіріп, лаузымды міндеттерді атқара алмайды.
«Самрұқ-Қазына» АҚ Басқармасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі №20/23, 2023 жылғы 12 мамырдағы №23/23 және 2023 жылғы 19 мамырдағы №24/23 шешімдеріне сай С.Н. Мыншарипова, Е.Б. Кыдырбаев пен А.А. Милютин Қоғамның тәуелсіз директорлары болып сайланды. Кеңес мүшесі, тәуелсіз директор мен Қоғам арасындағы қарым-қатынастар кеңес төрағасының жасаған шартымен реттеледі.
Қордың корпоративтік басқару кодексіндегі ұсыныстарға әрі корпоративтік басқару саласындағы үздік әлемдік практикаға сәйкес Кеңес құрамындағы тәуелсіз директорлар саны 50% дейін жеткізілді.
Директорлар кеңесінің қызметі 2017 жылғы 27 ақпандағы шешімімен (№130 хаттама) бекітілген Директорлар кеңесі мен оның комитеттерінің, Директорлар кеңесінің төрағасының, мүшелерінің және Корпоративтік хатшының қызметін бағалау саясатына сәйкес бағаланады. Құжатқа 2019 жылғы 8 қарашада өзгерістер мен толықтырулар (№149 хаттама) енгізілген.
Директорлар кеңесі осы саясатқа жүгіне отырып сыртқы консультантты жалдау, сауалнама жүргізу немесе сұхбат беру секілді түрлі амалдарды қолдану арқылы өз күшімен бағалай алады. Жалғыз акционер өздігінен немесе кеңесшінің қатысуымен бағалай алады.
Тәуелсіз бағалау кемінде үш жылда бір рет жүргізіледі. Бұл ретте есепті кезеңде Қоғамда тәуелсіз консультант көмегімен корпоративтік басқару диагностикасы жүргізілген жағдайда, процестердің қайталануын болдырмау мақсатында ұқсас есепті кезеңде жеке бағалау жүргізудің қажеттілігі жоқ.
2021 жылы Жалғыз акционер ұқсас халықаралық ұйымдардағы корпоративтік басқару тәжірибесін одан әрі жетілдіру жолында ұсынымдар беру мақсатымен «PricewaterhouseCoopers» ЖШС тәуелсіз кеңес беруші компаниясының күшімен Қоғамда корпоративтік басқарудың сыртқы диагностикасын жүргізді. Бағалау нәтижесінде сыртқы кеңес беруші одан әрі жетілдіруге бағытталған ұсыныстарын берді.
Директорлар кеңесі 2023 жылғы 25 желтоқсанда №197 Қоғамның Директорлар кеңесінің 2023 жылғы қызметіне өзін-өзі бағалау жүргізу туралы шешім қабылдады. Осы шешіммен 2023 жылғы желтоқсан мен 2024 жылғы мамыр аралығында іс-шаралар өткізіп, өзін-өзі бағалаудың жоспар-кестесі бекітілді.
Қоғамда «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің біліктілігін арттыру және сыртқы сарапшыларды тарту бөлігінде олардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын Сыртқы сарапшыларды тарту жөніндегі саясат қолданылады.
Есепті жылы тәуелсіз директорлар ESG мәселелері бойынша тренингке қатысты.
Директорлар кеңесінің қызметі бекітілген жылдық жұмыс жоспарына сай іске асырылады.
Кеңес қызметін және атқарушы органның акционерлермен өзара іс-қимылын тиімді ұйымдастыру үшін Корпоративтік хатшы тағайындалды. Корпоративтік хатшы Директорлар кеңесіне есеп береді және атқарушы органнан тәуелсіз жұмыс істейді. Корпоративтік хатшы Директорлар кеңесі, Жалғыз акционер тарапынан келген корпоративтік шешімдерді уақтылы және сапалы қабылдауға жәрдемдеседі, Директорлар кеңесінің мүшелері үшін олардың қызметінің барлық мәселелері және корпоративтік басқару кодексінің ережелерін қолдану бойынша кеңесші рөлін атқарады, сондай-ақ, Корпоративтік басқару кодексінің іске асырылуына мониторинг жүргізу және корпоративтік басқаруды жетілдіруге қатысады.
2023 жылы «Samruk-Kazyna Construction» АҚ директорлар кеңесінің 15 отырысы (№183-197 отырыстар), оның ішінде 13 ішкі және 2 сырттай отырыстар өткізілді. Қоғам қызметінің негізгі аспектілері бойынша барлығы 118 мәселе қаралды.
Директорлар кеңесінің Ережесіне сәйкес, кеңестің бір немесе бірнеше мүшелерінің отырысқа жеке қатысуға мүмкіндігі болмаған жағдайларда, олар техникалық байланыс құралдарын (яғни, бейнеконференция, телефон конференциясы және т.б. режимінде) пайдалана отырып, қаралатын мәселелерді талқылауға қатыса алады.
2023 жылы Директорлар кеңесінің отырыстарының көпшілігі (сырттай өткізілген Директорлар Кеңесінің екі отырысын қоспағанда) күндіз өткізілді.
Сондай-ақ Директорлар кеңесінің мүшелері 2023 жылы Директорлар кеңесі мүшелерінің Қоғамның инвестициялық жобаларына қатысу жөніндегі көшпелі сессиясына қатысты.
Директорлар кеңесінің мүшесі | Тәуелсіз | Кеңес отырыстарына қатысу |
---|---|---|
Тажигалиев М.У.** | Жоқ | 6-ны 6-уы |
Сәтжан С.Е. | Жоқ | 9-дың 9-ы |
Корабаев Е.К. | Жоқ | 15-тің 14-і |
Айманбетов М.З. | Жоқ | 10-ның 5-уі |
Мыншарипова С.Н. | Иә | 11-дің 11-і |
Кыдырбаев Е.Б. | Иә | 10-ның 10-ы |
Милютин А.А. | Иә | 10-ның 10-ы |
2023 жылы Директорлар кеңесінің отырыстарында оның құзыретіне кіретін стратегиялық және ағымдағы мәселелері қаралды.
Директорлар кеңесі өз жұмысы барысында 2023 жылы Қоғам қызметінің басым бағыттары бойынша негізгі міндеттерді дәйекті түрде іске асырды. Кеңес мүшелерінің басты назары «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру мәселелерінде болды. Мәселен, кеңес мүшелерінің тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» жобасын іске асырудың жол картасы әзірленді. Картаға сәйкес кеңестің әрбір отырысында есеп берілді. Мерзімдік негізде Қоғамның қызметі және инвестициялық жобаларды іске асырудың ағымдағы мәртебесі, бұрын жасалған инвестициялық шарттардағы дебиторлық берешекті қайтару бойынша қаржыға жетекшілік ететін негізгі корпоративтік көрсеткіштер мен СЕО-1 мониторингі туралы CEO есебі тыңдалады.
Директорлар кеңесі Қоғамдағы корпоративтік басқаруды жетілдірудің негізгі бағыттарын анықтауда маңызды рөл атқарады.
Кеңес отырыстарында Қоғамның корпоративтік басқару саласындағы қызметіне байланысты, оның ішінде осы салада орындалған іс-шаралар және оларды одан әрі жалғастыру жөніндегі шаралар туралы мәселелер үнемі қаралады.
Кеңес мүшелері ұсыныс беруге және Қоғам қызметіне тұрақты мониторинг жүргізуге мүмкіндік беретін ақпаратпен, оның ішінде жалдау төлемдері бойынша дебиторлық берешекті өндіріп алу туралы ақпаратпен үздіксіз қамтамасыз етіліп отырады. Сонымен қатар Директорлар кеңесі жылына бірнеше рет сыртқы аудиторлармен кездесу өткізеді. 2023 жылы Кеңес «Эрнст энд Янг» ЖШС сыртқы аудиторларымен аудиторлық жоспарлау, жылдық қаржылық есептілікті дайындау және нәтижелері бойынша екі рет кездесті. Кездесу барысында мынадай мәселелер қаралды:
- 2022 жылғы «Samruk-Kazyna Construction» АҚ аудиттелген жылдық қаржылық есептілігін (шоғырландырылған және жеке) алдын ала бекітуге қатысты сыртқы аудиторлармен кездесу;
- 2022 жылғы аудит қорытындылары бойынша «Эрнст энд Янг» ЖШС тәуелсіз аудиторлық ұйымының ұсынымдарын орындау жөніндегі ісшаралар жоспарының атқарылуын тексеру;
- 2022 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған мерзім үшін аудитті жоспарлау туралы есепті қарау мәселесі бойынша сыртқы аудиторлармен кездесу
- 2022 жылдың қорытындысы бойынша қаржы мәселелеріне жетекшілік ететін CЕO-1 есебін қарау туралы, 2023 жылдың І тоқсаны;
- «Samruk-Kazyna Construction» АҚ 2022–2026 жылдарға арналған Бизнесжоспарының орындалуы туралы тоқсан сайынғы есептерді, қаржылық есептілікті егжей-тегжейлі талдаудың жартыжылдық есептерін қарау туралы;
- «Samruk-Kazyna Construction» АҚ 2022–2026 жылдарға арналған Бизнес-жоспарын түзетуді бекіту туралы;
- «Samruk-Kazyna Construction» АҚ қаржылық есептілігіне егжей-тегжейлі талдауды қарау туралы;
- «Samruk-Kazyna Construction» АҚ кадр саясатын іске асыру барысы және 2022 жылғы Кадр саясаты бойынша ҚНК орындау туралы ақпаратты қарау;
- «Samruk-Kazyna Construction» АҚ ESG енгізу жоспарының 2022–2025 жылдарға арналған (тоқсан сайын) орындалуы жөніндегі ақпаратты қарау туралы.
МӘСЕЛЕЛЕР
- «Ventkarkaraservis» ЖШС 2020 жылғы 29 желтоқсандағы «Самұрық-Қазына Девелопмент» ЖШС жарғылық капиталындағы үлесінің 51% – Сатып алусату шартын бұзу туралы келісім жасасу, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ «СК Девелопмент» ЖШС жарғылық капиталындағы үлесінің 51% қайтару, «СК Девелопмент» ЖШС қайта тіркеу туралы келісім жасасу туралы», «СК Девелопмент» ЖШС Жарғысын жаңа редакцияда бекіту, «СК Девелопмент» ЖШС Бас директорын қайта сайлау туралы;
- Samruk-Kazyna Construction» АҚ 2023–2032 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы;
- «Samruk-Kazyna Construction» АҚ 2023–2027 жылдарға арналған Бизнес-жоспарын бекіту туралы.
- «Samruk-Kazyna Construction» АҚ 2022–2026 жылдарға арналған түзетілген Бизнесжоспарын бекіту туралы.
БАСҚАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
- «Samruk-Kazyna Construction» АҚ 2022 жылғы жылдық есебін бекіту туралы;
- Қоғамның 2022 жылғы корпоративтік басқару кодексінің қағидаттары мен ережелерін сақтауы туралы есепті бекіту;
- «Samruk-Kazyna Construction» АҚ 2022 жылға аудиттелген жылдық қаржылық есептілігін алдын ала бекіту, таза табысты бөлу тәртібін ұсыну, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және бір жай акцияға есептегенде дивиденд мөлшерін бекіту туралы;
- Директорлар кеңесінің және Қоғамның Корпоративтік хатшысының 2022 жылғы қызметі туралы есепті қарау туралы, сондай-ақ Директорлар кеңесі тапсырмаларының тұрақты мониторингі;
- «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Директорлар кеңесі және оның мүшелерінің, төрағасының және корпоративтік хатшысының қызметіне бағалау жүргізу туралы.
МӘСЕЛЕЛЕРІ
- «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасының іске асырылу барысы туралы есепті қарау;
- Алматы қаласындағы «Хан-Тәңірі» ТҮК коммерциялық (тұрғын емес) үй-жайларын сату құнын бекіту туралы;
- Астана қаласындағы «Ақжайық» ТҮК және «Есіл» ТҮК тұрақ орындарын сату құнын бекіту туралы;
- «Samruk-Kazyna Construction» АҚ 2022 жылғы жылжымайтын мүлікті (коммерциялық/тұрғын емес) басқару жөніндегі қызметі туралы есепті қарау
БЕКІТУ
- «Samruk-Kazyna Construction» АҚ орнықты даму саясатына өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы;
- «Samruk-Kazyna Construction» АҚ әлеуметтік саясатын бекіту туралы;
- «Samruk-Kazyna Construction» АҚ тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау саясатына өзгерістерді бекіту туралы;
- «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басшы қызметкерлеріне ақы төлеу, қызметін бағалау, сыйақы және сыйлықақы беру қағидаларын бекіту туралы;
- «Samruk-Kazyna Construction» АҚ инвестициялық саясатын бекіту туралы;
- Samruk-Kazyna Construction» АҚ Директорлар кеңесі туралы ережеге өзгерістер енгізу
СЫЙАҚЫ
- 2022 жылғы нақты мәндері бар «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басшылары қызметінің негізгі көрсеткіштерінің карталарын қарау туралы;
- 2023 жылға арналған «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басшы және басқарушы қызметкерлері қызметінің негізгі көрсеткіштерінің карталарын бекіту туралы;
- «Samruk-Kazyna Construction» АҚ ұйымдық құрылымын бекіту туралы (бірнеше рет);
- «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Корпоративтік хатшысын тағайындау туралы;
- «Samruk-Kazyna Construction» АҚ омбудсменін тағайындау туралы;
- «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Комплаенс-бақылаушысын тағайындау туралы;
- «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Директорлар кеңесінің 2023 жылға арналған сабақтастық жоспарын бекіту туралы;
- «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басшы және басқарушы қызметкерлерінің лауазымдарының сипаттамасын бекіту туралы.
МӘСЕЛЕЛЕРІ
- «Қазақстан Халық Банкі» АҚ міндеттемелері бойынша лимитті бекіту туралы;
- «Samruk-Kazyna Construction» АҚ тәуекелдерді басқару жөніндегі тоқсан сайынғы есептерді бекіту туралы;
- «Jusan Bank» АҚ міндеттемелері бойынша лимит белгілеу туралы;
- 2024 жылға арналған «Samruk-Kazyna Construction» АҚ тәуекелдер тіркелімі мен картасын бекіту туралы;
- 2024 жылға арналған «Samruk-Kazyna Construction» АҚ жалпы тәуекел-тәбетін, төзімділік деңгейлерін және негізгі тәуекел көрсеткіштерін бекіту туралы;
- 2024 жылға арналған «Samruk-Kazyna Construction» АҚ тәуекелдер тіркелімі мен картасын бекіту туралы.
МӘСЕЛЕЛЕРІ
- Ішкі аудит қызметі мен корпоративтік хатшының алдағы кезеңге арналған мақсат карталарын бекіту және олардың есепті кезеңдегі қызметін бағалау туралы;
- «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Ішкі аудит қызметінің 2022 жылғы жылдық есебін қарау туралы;
- «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Ішкі аудит қызметінің 2023 жылға арналған Жылдық аудиторлық жоспарының (жылда бірнеше рет) өзгерістерін бекіту туралы;
- «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Ішкі аудит қызметінің тоқсан сайынғы есептерін қарау туралы;
- Комплаенс-бақылаушының 2024 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы.
Директорлар кеңесінің қызметін қолдау мақсатында Қоғамда мынадай комитеттер құрылды:
- Аудит комитеті;
- Тағайындаулар мен сыйақылар комитет;
- Стратегиялық және инвестициялық мәселелер жөніндегі комитет.
Олардың міндеттеріне жұмыс барысында туындаған түрлі сұрақтарды шешу, функционалдық міндеттері аясындағы қандай да бір мәселе бойынша ұсыныстар әзірлеу кіреді.
Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 6 маусымдағы №188 шешімімен Директорлар кеңесінің Аудит комитетінің жаңа құрамы сайланды:
- Аудит комитетінің төрайымы – Мыншарипова С.Н.,
- Аудит комитетінің мүшелері – Милютин А.А., Кыдырбаев Е.Б.
Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 4 желтоқсандағы №196 шешімімен Тағайындаулар және сыйақылар комитетінің жаңа құрамы сайланды:
- Тағайындаулар және сыйақылар комитетінің төрағасы – Милютин А.А.,
- Тағайындаулар және сыйақылар комитетінің мүшелері – Мыншарипова С.Н., Кыдырбаев Е.Б.,
- Дауыс беру құқығы жоқ сарапшы – Жалғыз акционердің өкілі Бельгибаев Н.Е.
2023 жылы Аудит комитетінің 3 отырысы және Тағайындаулар мен сыйақылар комитеттің 1 отырысы өткізілді.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қор тобының барлық компанияларында комплаенс-қызмет жұмыс істейді. Комплаенс және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің сенімді әрі тиімді басқарылуын қамтамасыз ететін қызмет жүйесін құру – Комплаенс қызметінің басты міндеті.
Қоғамда Директорлар кеңесінің шешімімен тағайындалатын Комплаенс-бақылаушы жұмыс істейді. Ол Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының сақталуын, комплаенс мәселелері бойынша құжаттардың бекітілуін, сондай-ақ заңнамаға және үздік халықаралық тәжірибеге сәйкес ашықтық пен сенімділік қағидаттары негізінде ішкі корпоративтік мәдениеттің қалыптасуын қамтамасыз етеді.
Қоғамда жалпы танылған ішкі аудит моделі жұмыс істейді. Ондағы ішкі аудит функциялары ішкі, бақылау және тәуекелдерді басқару функцияларынан оқшауланған. Ішкі аудит объективтілік пен тәуелсіздікті қамтамасыз ететін арнайы функционалдық-әкімшілік бағыну және есеп беру режимінде болады. Ішкі аудит қызметі ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін бағалау мен арттыруға құрылған. Қызмет аудиторлық тексерулер жүргізу барысында дәйекті тәсілді пайдаланып Директорлар кеңесіне стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге жәрдемдеседі және тек Кеңес алдында есеп беруге міндетті.
Жүктелген міндеттерге сәйкес ішкі аудит қызметі мынадай функцияларды жүзеге асырады:
- Қоғамдағы ішкі бақылау жүйесінің барабарлығы мен тиімділігін бағалайды;
- Қоғамда тәуекелдерді бағалау әдіснамасы мен тәуекелдерді басқару процесін қолданудың толықтығы мен тиімділігін бағалайды;
- корпоративтік басқарудың қабылданған қағидаттарын, Қоғамның тиісті этикалық стандарттары мен құндылықтарын сақтауды және басқаларын енгізеді, бағалайды.
Директорлар кеңесі жыл сайын ішкі аудит қызметінің тәуекелге бағдарланған жылдық аудиторлық жоспарын, сондай-ақ ішкі аудит қызметі мен оның басшысы қызметінің негізгі көрсеткіштерін бекітеді. Ішкі аудит қызметінің есебі тоқсан және жыл сайын Директорлар кеңесінің қарауына ұсынылады. Ішкі аудит қызметі өз қызметінде қолданыстағы халықаралық кәсіби стандарттарын және Халықаралық ішкі аудиторлар институты қабылдаған этика кодексін ескереді. Сонымен бірге өз жұмысында Қоғамда бекітілген Ішкі аудит жөніндегі жергілікті нормативтік актілерді басшылыққа алады. 2023 жылы ішкі аудит қызметі 10 жоспарлы аудиторлық тапсырманы орындады. Тексерулердің нәтижелері бойынша ішкі аудит қызметі анықталған ереже бұзушылықтар мен сәйкессіздіктердің себептерін жоюға, ішкі бақылау жүйесін жетілдіруге бағытталған тиісті ұсыныстар мен түсініктемелер берді. Аудит объектісінің басшылығы Ішкі аудит қызметінің ұсыныстарындағы барлық түзету және алдын алу іс-қимылдарын өзара келіскен жоспарға сәйкес орындауға міндетті.
Қоғамның ағымдағы қызметін Басқарма төрағасы басқаратын алқалы орган жүзеге асырады. Басқарма қызметі жалғыз акционердің мүдделерін барынша сақтауға, Қоғамның міндеттерін орындауға және оның стратегиясын іске асыруға бағытталған. Басқарма жұмысын ұйымдастыру, оның отырыстарын шақыру және өткізу тәртібі, шешімдер қабылдау тәртібі Қоғам Басқармасы туралы ережемен айқындалады. Басқарма қызметінің негізгі қағидаттары: әділдік, адалдық, парасаттылық, сақтық, жүйелілік. Басқарма тұрақты отырыстарды күндізгі дауыс беру нысанында өткізеді. Басқарма жанында 4 комитет жұмыс істейді: Қызметті жоспарлау және бағалау комитеті, Инвестициялық комитет, Тәуекелдерді басқару комитеті, Тұрақты даму комитеті.
2023 жылы басқарма құрамында келесі өзгерістер болды:
- 2023 жылғы 10 ақпанда Директорлар кеңесінің № 184 шешімімен Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Б.А. Мукушев Басқарма мүшесі болып сайланды.
- 2023 жылғы 2 мамырда Директорлар кеңесінің № 187 шешімімен Басқарма төрағасының операциялық қызмет жөніндегі орынбасары Д.Т. Сейтбеков және Басқарма төрағасының ұлттық жоба және өңірлік даму жөніндегі орынбасары А. Саттаров Басқарма мүшелері болып сайланды.
- 2023 жылғы 4 желтоқсанда Қоғамның Директорлар кеңесінің № 196 шешімімен Басқарма төрағасының операциялық қызмет жөніндегі орынбасары – Басқарма мүшесі Д.Т. Сейтбековтың өкілеттігі және ортадағы еңбек қатынасы мерзімінен бұрын тоқтатылды.
- 2023 жылғы 25 желтоқсанда Директорлар кеңесінің № 197 шешімімен Басқарма төрағасының операциялық қызмет жөніндегі орынбасары Б. Н. Булатбеков Басқарма мүшесі болып сайланды.