Қоғамның тұрақты дамуы
2023 ЖЫЛҒЫ БАСҚАРМА ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЕСЕП

2023 жылы Басқарманың ішкі тәртіпте 49 отырысы өткізілді, онда 307 мәселе бойынша шешім қабылданды.

БАСҚАРМАНЫҢ 2023 ЖЫЛҒЫ ОТЫРЫСТАРЫНА БАСҚАРМА МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫ:
Басқарма мүшесі Басқарма отырыстарында қатысуы
Айманбетов М.З. 49-дың 49-ы
Малгаздаров Г.Т. 49-дың 47-і
Сейтбеков Д.Т.*** 41-дің 35-і
Мукушев Б.А. 44-тің 44-і
Саттаров А.С. 33-тің 26-ы
Булатбеков Б.Н.*** 1-дің 1-і
*** Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 4 желтоқсандағы №196 шешімімен Басқарма төрағасының операциялық қызмет жөніндегі орынбасары – Басқарма мүшесі Д.Т. Сейтбековтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №197 шешімімен Басқарма төрағасының пайдалану жөніндегі орынбасары Б.Н. Булатбеков Басқарма мүшесі болып сайланды.
БАСҚАРМАМЕН 2023 ЖЫЛЫ БАСҚАРМА ҚАБЫЛДАҒАН БАСТЫ ШЕШІМДЕР:
ЕСЕПТЕР
  • Қоғамның 2022–2026 жылдарға арналған Бизнес-жоспарының орындалуы бойынша есептер. Оның ішінде 2022 жылға арналған жылдық бюджеттің атқарылуы туралы есеп және «Samruk-Kazyna Construction» АҚ қаржылық есептілігін егжей-тегжейлі талдау бар;
  • инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша есептер;
  • ай сайынғы негізгі тәуекел көрсеткіштерінің мониторингі;
  • ай сайынғы «Жайлы мектеп» білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобасының іске асырылу барысы туралы есептер;
  • 2022 жылғы нәтижелер бойынша еңбекті қорғау, қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласындағы есеп.
ТҰРАҚТЫ ДАМУ
ЖӨНІНДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕР
БОЙЫНША
  • 2024 жылға арналған «Samruk-Kazyna Construction» АҚ жылдық бюджетін бекіту;
  • «Samruk-Kazyna Construction» АҚ контрагенттерінің Әдеп кодексін бекіту;
  • «Samruk-Kazyna Construction» АҚ стейкхолдерлер картасын бекіту;
  • «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның 2023–2025 жылдарға арналған ESG енгізу жоспарының 1 тоқсан, 1 жартыжылдық, 9 ай және 2023 жылы орындалуы бойынша ақпаратты алдын ала мақұлдау;
  • «Samruk-Kazyna Construction» АҚ 2024–2025 жылдарға арналған ESG енгізу жоспарын алдын ала мақұлдау туралы.
ДК БЕКІТУГЕ
ҰСЫНЫЛАТЫН
МӘСЕЛЕЛЕРДІ АЛДЫН
АЛА МАҚҰЛДАУ
  • «Samruk-Kazyna Construction» АҚ 2024–2028 жылдарға арналған Бизнес-жоспарын мақұлдау;
  • 2022 жылғы «Samruk-Kazyna Construction» аудиттелген жылдық қаржылық есептілігін (шоғырландырылған және жеке) мақұлдау;
  • «Samruk-Kazyna Construction» АҚ 2022 жылғы жылдық есебін мақұлдау;
  • «Samruk-Kazyna Construction» АҚ 2023–2032 жылдарға арналған даму стратегиясын мақұлдау;
  • «Samruk-Kazyna Construction» АҚ инвестициялық саясатын мақұлдау
ІШКІ НОРМАТИВТІК
ҚҰЖАТТАРДЫ БЕКІТУ
  • Қоғамның қазынашылық портфелінің негізгі параметрлерін мақұлдау;
  • Қоғамның құрылымдық бөлімшелері туралы ереже;
  • Дауды (жанжалды) реттеу туралы келісім;
  • Еңбек тәртібі ережелері;
  • Инвестициялық жобаларды іріктеу және қарау тәртібі;
  • Инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде төлем жүргізу тәртібі;
  • Құрылыс материалдарын өндіру саласындағы инвестициялық жобаларды іріктеу және қарау тәртібі;
  • «Samruk-Kazyna Construction» АҚ «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын ерекше тәртіппен іске асыру шеңберінде жалпы орта білім беретін мектептерді салу және жобалау бойынша кешенді жұмыстарды сатып алуды жүзеге асыру нұсқаулығы;
  • «Жайлы мектеп» білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны іске асыру барысы туралы «Samruk-Kazyna Construction» АҚ жол картасы;
  • Samruk-Kazyna Construction» АҚ «Жайлы мектеп» білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобасының іске асырылуын бақылау және бюджет тапсырмасының атқарылу тәртібі.
НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТ
БОЙЫНША
  • тұрғын үй кешендеріндегі коммерциялық үй-жайлар мен пәтерлерді жалға алу бағасы мен құнын бекіту;
  • «Сату» кезеңіне көшуді мақұлдау, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ инвестициялық жобасын инвестициялау туралы шарттар жасасу;
  • Қоғамның және оның еншілес компанияларының қызметін реттейтін ішкі құжаттарды, оның ішінде: штат саны мен ұйымдық құрылымын бекіту және мақұлдау;
  • «Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамы жарғылық капиталындағы акцияларын сенімгерлік басқаруға алған ұйым мүшелерінің айрықша құзыретіне кіретін сұрақтарды шешу бойынша жиындар өткізу;
  • «Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамы жарғылық капиталындағы 10% астам үлестік акциясын сенімгерлік басқаруға алған ұйым мүшелерінің айрықша құзыретіне кіретін сұрақтарды шешу бойынша жиындар өткізу. Бұл жерде Жарғы талаптарына сай тек Директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне кіретін сұрақтар талқыланбайды.
СЫЙАҚЫ ТУРАЛЫ ЕСЕП

Директорлар кеңесінің мүшелері тәуелсіз директорларды қоспағанда тегін қызмет етеді. Тәуелсіз директорларға сыйақы төлеу тәртібі «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялары директорлар кеңестерінің құрамын қалыптастыру жөніндегі қағидаларға сәйкес айқындалады. 2023 жылы тәуелсіз директорларға төленген сыйақы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық пен басқа да міндетті төлемдер ұсталғаннан кейін 11 778 689 теңгені құрады.

Қоғам басшылары (Басқарма мүшелері) қызметінің тиімділігі олардың функционалдық қызмет бағыттары бойынша қол жеткізген жетістіктері мен қаржышаруашылық сұрақтарды шешу деңгейіне қарай бағаланады. Қызметтің басты көрсеткіштерінің картасын әзірлеу, бақылау процесі мен сыйақы сомасын есептеу тәртібі Директорлар кеңесі бекіткен қағидаларында айқындалған.

2023 жылдың қорытындысы бойынша Басқарма мүшелерінің сыйақы мөлшері жылдық есепке 5-қосымшада «Samruk-Kazyna Construction» АҚ 2023 жылғы шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігінің 33-ескертпесінде жарияланды.

ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ ЖӘНЕ ІШКІ БАҚЫЛАУ
ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУДЫҢ КОРПОРАТИВТІК ЖҮЙЕСІНІҢ (ТБКЖ) ҚАҒИДАЛАРЫ:

Қоғамда ұйымдастырылған тәуекел басқару жүйесі жұмыс істейді. Жүйе стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуді, ресурсты тиімді пайдалануды, активтердің сақталуын, сенімді есептің дайындалуын, заңнама мен ішкі талаптардың сақталуын сәйкес дәрежеде қамтамасыз етеді.

Қоғамның тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау саясаты мынадай міндеттерге қол жеткізуді көздейді:

  • тәуекел мәдениетін арттыру, тәуекел менеджменті мен ішкі бақылауды Қоғам қызметінің барлық аспектілеріне енгізу;
  • компания мақсаттарына қауіп төндіретін жағдайлардың алдын алу, тосыннан болған жағымсыз жайттарға тиімді жауап беру. Егер олар орын алса, мұндай жағдайлардың салдарын қажетті қолайлы дәрежеге дейін азайту, бұл қабілетті арттыру арқылы қызметтің нәтижесін тиімді болжау;
  • ұзақ мерзімді келешекте активтердің құнын және Қоғамның кірісін арттыру үшін мүмкіндіктерді пайдалануды қамтамасыз ету.

Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі саясатқа сәйкес Қоғам ТБКЖ негізгі қағидалары:

  • Директорлар кеңесінің тәуекелдерді басқаруды қадағалауы;
  • Басқарманың операциялық құрылымдарды құруы;
  • қажетті мәдениетті анықтау (тәуекел мәдениеті);/li>
  • негізгі құндылықтарға деген адалдықты көрсету;
  • білікті мамандарды тарту, дамыту және ұстау;
  • қызметті жүргізу шарттарын талдау;
  • тәуекел-тәбетті анықтау;
  • бизнес мақсаттарын тұжырымдау;
  • тәуекелдерді анықтау (сәйкестендіру);
  • тәуекелдердің маңыздылығын бағалау;
  • тәуекелдерге жауап беру;
  • тәуекелдер туралы ақпаратты тарату.
ТБКЖ ҰЙЫМДЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ
ТІРКЕУШІ ЖӘНЕ ТӘУЕКЕЛДЕР КАРТАСЫ

Тәуекелдерді анықтау Қоғамның шығындарын оңтайландыру әдісі ретінде маңызды. Өйткені тәуекелдерді алдын-ала анықтау, оларды азайту және салдарын жою үшін барабар шараларды анықтау мұндай іс-шараларды қаржыландыру көздері мен көлемін жоспарлауға мүмкіндік береді. Бұл сайып келгенде жалпы компанияның тиімділігіне әсер етеді.

Тәуекелдер тәуекел туындаған кезде пайда болу және әсер ету ықтималдығын ескеретін сапалық және сандық құралдардың көмегімен бағаланады.

Қоғамның Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 23 желтоқсандағы шешімімен (№182 хаттама) 2023 жылға арналған тәуекелдер тіркелімі мен картасы бекітілді. 2023 жылдың аяғында тәуекелдер тізілімі мен картасы Қоғам үшін маңызды болып табылатын мынадай елеулі тәуекелдерді көрсетті:

  • жылжымайтын мүлік объектілерін уақтылы пайдалануға бере алмау;
  • өтімділік тәуекелі;
  • мектептерді уақтылы пайдалануға бере алмау;
  • беделге қатысты тәуекел.

Қауіпті оқиғалардың болу ықтималдығын төмендету мақсатында құрылымдық бөлімшелер 2023 жыл ішінде мынадай іс шаралар өткізді:

  • жобалау шешімдерінің негізсіз және қағидаттық емес өзгерістерін салу кезеңіне тыйым салу;
  • «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының объектілері бойынша санитариялық қағидалардың, санитариялық нормалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан ЖСҚ әзірлеуді бақылау;
  • құрылыс объектілеріне шығу, жұмыс кестелерінің орындалу мониторингі (апта сайын/ай сайын), инвестициялардың қайтарылу мониторингі;
  • Қоғам меншігіндегі жылжымайтын мүлік объектілерінің анықталған ақауларын жоюды бақылау және мониторинг жасау;
  • Қоғам өңірлік өкілдері мен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша авторлық қадағалаудың апта сайынғы есептерін тыңдау;
  • «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша орындалған жұмыстардың қол қойылған актілері бойынша бөлінген қаражат игерілуінің ай сайынғы қаржылық мониторингі;
  • жалдау төлемдерін басқару жүйесіндегі ай сайынғы қаржы кірісінің мониторингі;
  • БАҚ және әлеуметтік желілерде тұрақты мониторинг және талдау, түсініктемелер мен жауаптар беру арқылы теріс сипаттағы жарияланымдарға шұғыл назар аудару.

Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 25 желтоқсандағы шешімімен (№197 хаттама) ағымдағы қызмет барысында Қоғамның 2023–2032 жылдарға арналған даму стратегиясына және Қоғамның 2024–2028 жылдарға арналған Бизнес-жоспарына сәйкес Қоғамның стратегиялық және операциялық мақсаттарына қол жеткізуге ықпал етуі мүмкін анықталған тәуекелдерді ескере отырып 2024 жылға арналған тәуекелдер тіркелімі мен картасы бекітілді.

2024 жылға арналған тәуекелдер тізіліміне түрі мен анықталуына қарай жіктелген: стратегиялық тәуекелдер, жобалық тәуекелдер, PR тәуекелі, қаржылық тәуекелдер, несиелік тәуекелдер, Операциялық тәуекелдер, құқықтық тәуекелдер және HR тәуекелі кіреді.

Тәуекелдер тізілімінде көрсетілген барлық тәуекелдер бойынша олардың мониторингі үшін толеранттылық деңгейлері және негізгі тәуекел көрсеткіштері (НТК) әзірленді.

НТК және тәуекелге төзімділік деңгейлерінің мониторингі тәуекел факторларының өзгеру тенденциясын, Қоғам қызметіне теріс әсер етуі мүмкін сыни және елеулі тәуекелдердің іске асырылуына қатысты уақтылы шара қолдануға мүмкіндік береді.

ТӘУЕКЕЛ-ТӘБЕТ

Тәуекел-тәбет миссияны, пайымдауды және стратегиялық мақсаттарды ескереді. Қоғам активтерінің құнын құру, сақтау және іске асыру контекстінде инвестициялық, қаржылық және операциялық қызметке қатысты айқындалады.

Тәуекел-тәбетті сақтау Қоғам қызметкерлері үшін транзакциялар жүргізу, мәмілелерді бастау, жобаларды талдау және басқару шешімдерін қабылдау кезінде Қоғамның лауазымды тұлғалары үшін міндетті болып табылады.

Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 23 желтоқсандағы шешімімен (№182 хаттама) Қоғамның 2023 жылға арналған тәуекел-тәбеті мынадай көрсеткіштермен бекітілді:

  • жыл қорытындысы бойынша «борыш/капитал» көрсеткішінің деңгейден жоғары болмауы – 0,75/ 1 тоқсан – 1,2 / 2 тоқсан – 1,12 / 3 тоқсан – 0,83;
  • таза кірісті жоспарланғаннан 10% артық төмендетпеу; /li>
  • құрылыс мерзімдерінің белгіленген мерзімнен 3 айдан кешікпеуі;
  • бір жобаға құйылған инвестиция көлемін уәкілетті орган белгілеген 10% асырмау.

Тәуекел-тәбет Қоғам қабылдауға дайын шоғырландырылған негізде сыни тәуекелдер деңгейінің жоғарғы шегін анықтайды. 2023 жылдың қорытындысы бойынша тәуекел-тәбеттің сақталмауы «Жылжымайтын мүлік объектілерін салу мерзімінің артуы» және «Инвестициялар құнының артуы» көрсеткіштері бойынша байқалды. Бұл көрсеткіштер тәуекелдерді митигациялау жөніндегі іс-шаралардың тиімділігіне ай сайынғы мониторингтен өтті. Ақпарат Қоғамның Директорлар кеңесі үшін тәуекелдерді басқару жөніндегі есептерде тоқсан сайын ұсынылды./p>

ІШКІ БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІ

Ішкі бақылау немесе ішкі бақылау жүйесі (ІБЖ) – Директорлар кеңесі, Ішкі аудит қызметі, Басқарма және қызметкерлер жүзеге асыратын операциялық мақсаттарға, есептілікті дайындау және Қазақстан Республикасының заңнамасын, ішкі нормативтік құжаттарының талаптарын сақтау саласындағы мақсаттарға қол жеткізуге қатысты «Ақылға қонымды сенімділікті» қамтамасыз етуге арналған процесс.

Қоғам Басқармасының 2023 жылғы 9 қарашадағы шешімімен (№41/2023 хаттама) Қоғамдағы ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру жөніндегі әдістеме өзектендірілді. Оған сәйкес Қоғамдағы ІБЖ құрылымы, функциялары мен жауапкершілігі айқындалды.

ІБЖ ФУНКЦИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ:
ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ
  • Қоғамда тиімді ІБЖ құру және оның жұмыс істеуі;
  • ІБЖ тиімділігін талдау;
  • барлық ІБЖ субъектілерінің тәуелсіздігін және үш қорғаныс желісінің моделін қамтамасыз ету;
  • үш қорғаныс желісі арасындағы сенімді байланыс пен тиімді ынтымақтастықты ынталандыратын және насихаттайтын тәуекел мәдениеті мен ортаны қалыптастыру арқылы «жоғарыдан тонды» құру;
  • Қоғамның ішкі бақылау саласындағы қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді мақсаттары мен міндеттерін айқындау және ІБЖ тиімділігін бағалау үшін тәуекелге бағдарланған тәсілді қолдану.
ІШКІ АУДИТ ҚЫЗМЕТІ
  • ІБЖ тиімділігін бағалауды жүргізу;
  • бақылау рәсімдерінің операциялық тиімділігіне тестілеуді уақтылы жүргізу;
  • Директорлар кеңесіне Қоғамдағы ІБЖ ағымдағы жай-күйі туралы есептілікті уақтылы ұсыну.
БАСҚАРМА
  • ішкі бақылау процестері мен бақылау рәсімдерін жетілдіру жөнінде шаралар қабылдау, ІБЖ сенімді және тиімді жұмыс істеуі;
  • ІБЖ мониторингі;
  • ішкі бақылау процестері мен рәсімдерін жетілдіру;
  • құрылымды, бағыныштылық сызығын, тиісті өкілеттіктерді, міндеттерді және жауапкершілікті анықтау
БИЗНЕС-ПРОЦЕСТЕРДІҢ ИЕЛЕРІ
  • Қоғам қызметінің сеніп тапсырылған бағыттарында бақылау рәсімдерін уақтылы әзірлеу, құжаттау, енгізу, мониторинг жүргізу және жетілдіру;
  • процестердің блок-схемаларын, тәуекел және бақылау матрицаларын уақтылы әзірлеу/өзектендіру;
  • бақылау процедураларының тиімділігі (яғни, бақылау процедуралары нақты нәтижеге, Есептіліктің дұрыстығына, тиімділікке, сәйкестікке қол жеткізуге мүмкіндік беруі керек);
  • түзету әсерлерін уақтылы және толық қабылдау.
ТӘУЕКЕЛ-БӨЛІМШЕ
  • ІБЖ бойынша ішкі құжаттарды белгіленген тәртіппен уақтылы әзірлеу/ өзектендіру және бекіту;
  • бақылау процедураларының дизайн тиімділігін талдау;
  • бизнес-процестер бойынша Блок-схемалармен тәуекел және бақылау матрицаларын уақтылы бекіту;
  • процестік тәуекелдерді анықтау және бағалау кезінде, сондай-ақ бақылау рәсімдерін әзірлеу, құжаттау, енгізу, мониторинг жүргізу және жетілдіру кезінде бизнес-процестердің иелеріне әдіснамалық қолдау көрсету;
  • анықталған бұзушылықтарды, кемшіліктерді жою, бақылау рәсімдерінің қайталануы және т.б. бойынша ұсынымдармен (ұсыныстармен) бақылау рәсімдері дизайнының тиімділігін бағалау жөніндегі есепті дайындау.
ТӘУЕКЕЛ-ҮЙЛЕСТІРУШІ
  • блок-схемаларды, тәуекел матрицаларын және бақылауды келісу кезінде тәуекел-бөлімшемен өзара іс-қимыл жасау;
  • өзінің құрылымдық бөлімшесінің тәуекелдерін/тәуекел факторларын сәйкестендіру, бағалау/қайта бағалау;
  • бизнес-процестердің иелеріне әдіснамалық қолдауды қамтамасыз ету және құжаттарды келісу бөлігінде тәуекел-бөлімшемен өзара іс-қимыл жасау.
ҚОҒАМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ
  • лауазымдық нұсқаулықтарға және/немесе ішкі құжаттарға жүктелген лауазымдық міндеттерге сәйкес ІБЖ бойынша іс-шараларды орындауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
  • Қоғам қызметінің тәуекелдерін уақтылы анықтау және талдау;
  • бизнес-процестердің, оның ішінде бақылау рәсімдерінің сипаттамасын өзектендіру;
  • өзінің қызмет бағыттары бойынша ІБЖ жұмыс істеуіне мониторингті жүзеге асыру. Сондай-ақ олар ұйымдастыратын және/немесе жүзеге асыратын ішкі бақылау процесінің тиімділігін тәуелсіз бағалау;
  • бизнес-процестерде ықтимал жағымсыз оқиғаларға әкеп соқтырған немесе әкелуі мүмкін кез келген қателіктер/кемшіліктер туралы Қоғам басшылығына хабарлау.

ІБЖ бизнес-процестерді, Қоғам қызметіне тән процестік деңгейдегі тәуекелдерді уақтылы анықтауға және талдауға, сондай-ақ осы тәуекелдерді басқару жөніндегі бақылау рәсімдерін айқындауға және талдауға бағытталған. ІБЖ бойынша жұмыстардың нәтижелері мерзімді негізде бизнес-процестердің иелеріне, ІБЖ, сыртқы аудиторға, Басқармаға, Қоғамның Директорлар кеңесіне жеткізіледі.

2024 жылы тәуекелдерді басқару қызметі ІБЖ жетілдіруді жалғастырады. Әзірленген блок-схемалар, тәуекелдер мен бақылаулар матрицалары негізінде бақылау рәсімдері дизайнының тиімділігіне талдау жүргізу, бақылау рәсімдері бойынша ұсыныстар беру, Қоғамның бизнес-процестерінің иелері үшін, оның ішінде еншілес ұйымдардың қызметкерлері үшін ішкі бақылау жүйесін енгізу және Қоғам қызметінің барлық кезеңдерінде тәуекел-мәдениетті жақсарту бойынша оқыту жүргізу жоспарлануда.

ІШКІ АУДИТ

Қоғам ашық конкурс негізінде жылдық қаржылық есептіліктің дұрыстығын растау үшін аудиторлық ұйымның қызметіне жүгінеді.

2023 жылғы қаржылық есептілік аудитін «Үлкен төрттік» өкілі «Эрнст энд Янг» ЖШС жүргізді. «Эрнст энд Янг» ЖШС 2023 жылғы қаржылық есептілік аудиті бойынша қызметтері үшін төленген сыйақы мөлшері ҚҚС қосқанда 40 768 000 теңгені құрады. Сыртқы аудитор Қоғамға аудиторлық емес қызмет көрсеткен жоқ.

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ, 010000, Астана қ., Нұра ауданы, Сығанақ к-сі, 17/10-үй,

тел.: +7 7172 570210 (қабылдау бөлімі),

+7 7172 570199 (Корпоративтік басқару қызметі),

info@fnsk.kz.

Қоғамның тұрақты дамуы
30