«Samruk-Kazyna Construction» Акционерлік Қоғамы (бұдан әрі – Қоғам, Компания) Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу жөніндегі кейбір шаралар туралы» 2009 жылғы 6 наурыздағы №265 қаулысын орындау мақсатымен құрылды. «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік Қоғамы (бұдан әрі – «Самұрық-Қазына» АҚ, Жалғыз акционер, Қор) бекіткен Қоғам Жарғысына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес Қоғам қызметінің басты мақсаты – Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытуға жәрдемдесу.
Қоғамның Жалғыз акционері – Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқатын арттыру және болашақ ұрпаққа ұзақ мерзімді тұрақтылықты қамтамасыз ету міндетін жүктеген инвестициялық холдинг.
Қоғамның ұйымдық-құқықтық формасы мен меншіктік сипаты – акционерлік қоғам ұйымдық-құқықтық сипаттағы заңды тұлға.

2009 жылдан бастап жылжымайтын мүлік нарығын тұрақтандыруға, үлескерлердің проблемаларын шешуге және проблемалық құрылыс объектілерін аяқтауға бағытталған дағдарысқа қарсы бағдарлама шеңберінде қызмет ету.

2012 жылдан бастап «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасын іске асырумен айналысты. «Қолжетімді баспана – 2020» кейін 2020 жылға дейінгі Өңірлерді дамыту бағдарламасына енді.

2016 жылдан бастап Қоғам «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасын іске асыру операторларының бірі болып белгіленді.

2018 жылдан бастап Қоғам «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы бойынша құрылыс жұмыстарын басқарып келеді. Бұл ретте Қоғам жобаларды басқару, оның ішінде «Самұрық-Қазына» АҚ компанияларының үлестерін сенімгерлік басқару шарттары бойынша кеңесші ретінде әрекет етеді.

2020 жылдан бастап Қоғам тұрғын үй кешендерін тұрғызу инвестициялық жобаларын іске асыра отырып, инвестициялық қызметін кеңейтті.

2023 жылдан бастап Қоғам Қазақстанда бұрын соңды болмаған ауқымды «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасын іске асырушы Дирекция болып тағайындалды.