ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРҒА
ҚАТЫСУДЫ АЯҚТАУ

Дағдарысқа қарсы бағдарламаны іске асыру шеңберінде Қоғам жалға алушылардың қарыздарын шарттасқан уақытында қайтаруын бақалуды жалғастырды. Дағдарысқа қарсы бағдарламаны қаржыландыруға ҚР Ұлттық қорының есебінен «Самұрық-Қазына» АҚ бөлген 98,4 млрд теңге мөлшеріндегі несиелік қаражат жұмсалды. Бұл несие 2020 жылға дейін толығымен өтелді.

«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасындағы сатып алу құқығымен жалға беру бағытын Қор ұсынған кредиттік желі қаражатымен қаржыландырды. Қоғам осы бағдарлама бойынша алған 95,8 млрд теңгенің 55,7 млрд теңгесін, оның ішінде есепті кезеңде 4,7 млрд теңгесін уақытылы төледі. 2023 жылғы 31 желтоқсанда қарыз қалдығы 40,1 млрд теңгені құрады.

Қоғам Қор алдындағы несиені қайтару міндеттемесін орындауға бар күшін жұмсап отыр.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидаты бойынша іске асырылған «Зеленый квартал» жобасында Қоғам озық экологиялық және энергиялық тиімді технологияларды қолдана отырып, Астана қаласында «Зеленый квартал» әкімшілік-тұрғын үй кешенін салу жобасының негізгі орындаушысы болып айқындалды.

2013 жылы осы жобаны іске асыру мақсатында еншілес ұйым – «Самұрық-Қазына Девелопмент» ЖШС құрылды. 2016 жылы «Зеленый квартал» жобасының құрылысын қаржыландыруға Қор 18 жыл мерзімге 29 млрд теңге бөлді. Инвестициялардың жалпы құны 44 млрд теңгені құрады, оның 15 млрд теңгесі «Самұрық-Қазына Девелопмент» ЖШС капиталдандыру үшін пайдаланылған Қоғамның жарғылық капиталы болса, 29 млрд теңге дағдарысқа қарсы қаражатты қайта пайдалану есебінен кредиттік желі түрінде тартылды.

Жоба Қазақстанның екінші деңгейлі банктеріне орналастырылған нысаналы салымдармен құрылысшы-жоблаушы және жылжымайтын мүлікті сатып алушы компанияларды несиелеу жолымен қаржыланжырылды. 2018 жылы жобадағы барлық нысандардың құрылысы аяқталды.

Кредиттік желі шеңберінде есепті күндегі жағдай бойынша 22,8 млрд теңге, оның ішінде есепті кезеңде 8,0 млрд теңге өтелді. 2024 жылғы 1 қаңтардағы қарыз қалдығы 6,2 млрд теңгені құрады.

«Самұрық-Қазына» АҚ тобына кіретін
компаниялардың еншілес ұйымдарын, үлестері
мен акцияларын, инвестициялық кезеңдегі,
ЯҒНИ ЖОБАЛАНЫП НЕ ЕНДІ
ТҰРҒЫЗЫЛЫП ЖАТҚАН ЖЫЛЖЫМАЙТЫН
МҮЛКІН БАСҚАРУ
ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІКТІ БАСҚАРУ

Тұрғын үй бағдарламаларын іске асыру барысында жинақталған білікті қызметкерлердің тәжірибесін пайдалана отырып, Қоғам өз меншігіндегі жылжымайтын мүлікті басқарады. Сондай-ақ «СамұрықҚазына» АҚ және оның компаниялар тобындағы ұйымдарға осындай қызмет көрсетеді.

Мақсатқа жету үшін Қоғам келесі міндеттерді атқарады:

  • Маркетинг;
  • Жылжымайтын мүлік объектілерін жалға беру немесе сату;
  • Қаржылық менеджмент;
  • Қаржы ағыны мен тәуекелін басқару.

Жылжымайтын мүлікті басқару мақсатына жету аясында Қоғам өз активтерін басқарады («Самұрық-Қазына» АҚ тиесілі және Қоғамға сенімгерлік басқаруға берілген «Зеленый квартал» бизнес-орталығы (Т4); «Қазына Тауэр» бизнес орталығы және Қоғам меншігіндегі басқа да жылжымайтын мүлік объектілері; 2015 жылы Қор сенімгерлік басқаруға берген объектілер («Ақкент» және «Эдельвейс» ТҮК). 2023 жылғы 27 шілдеде «Қазына Тауэр» бизнес-орталығы Қор Басқармасының 2023 жылғы 14 маусымдағы №28/23 шешіміне және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №487 және №488 бұйрықтарына сәйкес мемлекет меншігіне берілді.

КІНӘРАТ-ТАЛАПТАРДЫ ҚАНАҒАТТАНДЫРУ БОЙЫНША ЖҰМЫС

Тұрғын үй кешендерінің, бизнес-орталықтардың үлескерлері мен жалға алушылары алдындағы жауапкершілікті сезіне отырып, Қоғам олармен өзара тиімді қарым-қатынас орнатып, жоспарлы жұмыс жүргізеді. Оның ішінде олардың шағымдарына уақытылы жауап беріп, кепілдік мерзімі аясында құрылыс ақауларын жөндеп, тұрғын үйге іргелес жатқан аумақты аббаттандырып, ойын алаңдарын жөндеу мен жайластыруды, меншік иелері бірлестіктерінің қалыптасуын әрі жұмыс істеуін, Қоғамға тиесілі активтердің қауіпсіздік техникасына сәйкестігіне аудит жүргізеді және т.б. қажеттілікті қамтамасыз етеді.

Тұрғын-үй кешенінің атауы, орналасқан жері Кінәрат-талаптарды қанағаттандыру
Тұрғын-үй кешенінің атауы, орналасқан жері Кінәрат-талаптарды қанағаттандыру
Тұрғын-үй кешендері
АСТАНА Қ. / «НА ВОДНО-ЗЕЛЕНОМ БУЛЬВАРЕ» ӘТҮК
  • Суық және ыстық сумен жабдықтау жүйесінің көтергіш және айналым сорғылары ауыстырылды.
ҚЫЗЫЛОРДА Қ. / ДЕМЕСИНОВ К-СІ БОЙЫНДАҒЫ КТҮ
  • №77А, 77Б, 77В үйлердің шатыры тазартылып залалсыздандырылды;
  • үй төбесіндегі терезелерге темір тор орнатылды;
  • кіреберістер жөнделді;
  • ойын алаңындағы жабдықтар жөнделді.
АСТАНА Қ. / ҰЛЫ ДАЛА, 17, 17/1 КТҮ
  • парапеттер түйісетін жерлерде витраждар герметизацияланды;
  • нөсер канализациясының тік құбырларындағы полипропиленнен жасалған муфталары мен тазарту люгі ауыстырылды;
  • нөсер канализациясының көлденең құбырларындағы болаттан жасалған құбырлар ауыстырылды;
  • 1-қабат пен жертөле ағымдағы жөндеуден өтті;
  • паркинг қабырғаларындағы бекіту тесіктері тығыздалды.
ӨСКЕМЕН Қ. / ЕСЕНБЕРЛИН – ҚАЗЫБЕК БИ КТҮ
  • №23/2 үйдің көше беттегі қабырғасы металсайдингпен қапталды;
  • көгалдандыру жұмыстары жүргізілді;
  • гүлзар жайғастырылды;
  • жасанды жол кедергісі орнатылды (жылдамдық бәсеңдеткіш);
  • өртке қарсы жабдық орнатылды;
  • кірме жол асфальтталды;
  • нөсер кәрізінің құрылғысы орнатылды.
АҚТӨБЕ Қ.
  • 3-корпус төсеніші жөнделді;
  • кәріз құрбыларының диаметрін 110 мм-ден 160 мм-ге дейін ұлғайтылып көшірілді.
АҚТАУ Қ. / 32А Ы.А., КТҮ
  • 29 бірлік жылыту, ыстық және суық сумен жабдықтау жүйелеріне сорғылары қондырылды;
  • өрт сөндіру жабдықтары орнатылды (өрт сөндіру шкафы, жеңдер мен оқпандар);
  • қасбеті жөнделді;
  • арматурасы ауыстырылды;
  • жылыту жүйесінің құбырлары ауыстырылды;
  • су және кәріз құбырлары ауыстырылды;
  • жасанды жол кедергісі орнатылды (жылдамдық бәсеңдеткіш);
  • дезинфекция және кәріз-сорғы станциясының иісін бейтараптандыру жұмыстары істелді.
АСТАНА Қ. / «СЕВЕРНОЕ СИЯНИЕ» ТҮК
  • жылу торабының жабдықтары күрделі жөндеуден өтті.
АСТАНА Қ. / «БАТЫС» БО
  • жылу торабының автоматика жүйесі күрделі жөндеуден өтті.
АЛМАТЫ Қ. / «АСЫЛ АРМАН» ТҮМ
  • кіреберістер жөнделді, ауданы – 1600 м2
  • 3,0 га аумаққа 200 түп ағаш, 40 раушан бұтасы отырғызылды;
  • ауланы жарықтандыру жүйесі жөнделді;
  • 2 бейнебақылау камерасы орнатылды;
  • ғимараттардың шатырлары қысқа мерзімді жөндеуден өтіп, барлық парапеттер күшейтіліп, силиконмен қапталды;
  • № 6, 8 13, 20, 21 үйлердің қасбетіндегі ақаулар түзетілді;
  • нөсер кәрізі жөнделді;
  • кәріз желілері ауыстырылды;
  • 18 сыртқы жарықтандыру тірегі орнатылды.
АЛМАТЫ Қ. / «ЭТАЛОН» ТҮК
  • 1-4 кіреберістің бірінші қабатындағы қабырғалар ақталды;
  • 1 және 3 кіреберістің шатырына ағымдағы жөндеу жүргізілді.
АЛМАТЫ Қ / «ШҰҒЫЛА» ТҮК
  • шатыры жөнделді.
ҚАРАҒАНДЫ Қ. / «ЖАНҰЯ» ТҮК
  • ойын алаңқайлары орнатылды;
  • футбол алаңы орнатылды;
  • көлік тұрақ салынды;
  • шлагбаумдар орнатылды.
ШЫМКЕНТ Қ. / «АДИЯ» ТҮК
  • аялдама павильоны орнатылды;
  • суару арнасы жөнделді.
СЕМЕЙ Қ. / «АСЫЛ» ТҮК
  • кірме жол асфальтталды.
Тұрғын-үй кешенінің атауы, орналасқан жері Кінәрат-талаптарды қанағаттандыру
Тұрғын-үй кешенінің атауы, орналасқан жері Кінәрат-талаптарды қанағаттандыру
Әкімшілік ғимараттар
АСТАНА Қ. / «ЗЕЛЕНЫЙ КВАРТАЛ» БО, Т4 БЛОГЫ
  • мобильді кондиционерлер сатып алынды;
  • бөлме өсімдіктері сатып алынды;
  • конференц-зал жөнделді, 18-қабат;
  • перделер ілінді;
  • алдыңғы есіктер ауыстырылды;
  • кілем ауыстырылды;
  • суық су қоймасы орнатылды;
  • кросс және серверлік үй-жайындағы батареялар жаңартылды;
  • кросс және серверлік стартерлер мен өрт сөндіргіштер жаңартылды.
АСТАНА Қ. / «ҚАЗЫНА ТАУЭР» БО
  • тоңазытқыш жабдық (чиллер) ауыстырылды;
  • қасбет тығыздалды;
  • арақабырғалар орнатылды
АЛМАТЫ Қ. / «ЭДЕЛЬВЕЙС» КҚ
  • коттедждерге газ тартылды;
  • аумақ абаттандырылып, сарқырама аймағындағы тақталар жаңартылды.
ЖОБАЛАУ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС КЕЗІНДЕ
КОМПАНИЯЛАРДЫҢ ҮЛЕСТЕРІН СЕНІМДІ БАСҚАРУ

Қоғам пайдалануға берілмеген жобалау және құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатқан объектілердегі жобалау компанияларының үлестерін/ акцияларын басқарады. Қызметтің бұл бағыты қолда бар ресурстарды холдингішілік бөлу және оларды тиімді пайдалануға, оның ішінде құрылыс жобаларын басқарудың бірыңғай тиімді жүйесін жүргізу үшін дағдылы қызметкерлердің тәжірибесіне (баға белгілеуді, құрылыс барысын, қолданылатын құрылыс материалдарының сапасын және объектінің уақтылы іске қосылуын қадағалау) сүйене отырып стратегиялық болып белгіленген.

«KARABATAN UTILITY SOLUTIONS» ЖШС СЕНІМДІ БАСҚАРУ

«Karabatan Utility Solutions» ЖШС жарғылық капиталындағы үлесін сенімгерлік басқару туралы 2018 жылғы 29 желтоқсандағы №10-13/96 келісім-шартқа сәйкес «Самұрық-Қазына» АҚ шешімімен Қордың еншілес компаниясы – «Біріккен химиялық компания» ЖШС (бүгінде «Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС деп аталады) 2018 жылғы желтоқсанда «Karabatan Utility Solutions» ЖШС жарғылық капиталындағы үлесін Қоғамның сенімгерлік басқаруына берді. Бұл компания инвестициялық кезеңде (жобалау және құрылыс) болды. 2023 жылы «Су дайындау және ағынды суларды тазарту қондырғысы (2-кезек)», «Инженерлік желілер дәлізі (2-кезек)», «Сыртқы су құбыры (2-кезек)», «АГТС бар газ құбыры», «Буландырғыш тоған» жобалары бойынша EPC келісімшарттар жасалды. Сондай-ақ 2023 жылы «3.0 ТЭН түзету» және «165 МВт ПГТЭС қосымша энергия блогына ТЭН әзірлеу» жобаларына шарттар жасалды.

2023 жылғы 20 қарашада «Karabatan Utility Solutions» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі үлес «Samruk-Kazyna Ondeu» серіктестігіне берілді. Кейін бұл үлес «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ сенімгерлік басқаруына тапсырылды.

«ТҮРКІСТАН БГҚ» ЖШС СЕНІМДІ БАСҚА

2022 жылғы 22 қыркүйекте «Самұрық-Қазына» АҚ шешімімен «Түркістан облысында жалпы қуаты 1000 МВт дейін генерациялаудың маневрлік режимі бар бу-газ қондырғысы базасында электр станциясын салу» жобасы шеңберінде «Түркістан БГҚ» ЖШС Қоғамға 100% сенімгерлік басқаруға берілді.

2023 жыл ішінде 3-санаттағы кірме автожол, Бадам су қоймасынан су алу жүйесі, су құбырының құрылысы, негізгі алаң бойынша толық аяқталатын кешенді жұмыстарды сатып алуға шарттар жасалды.

«Самұрық-Қазына Девелопмент» ЖШС-мен Жобаны басқару бойынша қызметтерді сатып алу туралы шарт жасалды.

2023 жылғы 29 желтоқсанда «Бадам су қоймасынан су құбырын салумен су алу жүйесі», «Сыртқы газбен жабдықтау» және «500 кВ және 220 кВ кернеуге Шымкент 500 кВ тораптық ҚС электр энергетикалық жүйесінің қуатын беру» жұмыс жобаларына оң сараптама қорытындылары алынды.

Даму стратегиясы және оны жүзеге асыру
12