Қоғам 2015 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған тұрақты дамудың 17 мақсатын толық қолдайды және оның сегізіне қол жеткізуге бағытталған қызметті жүзеге асырады.
БҰҰ Жаһандық шартының қағидаларын мойындап, Қоғам өз қызметінде келесі қағидаларды ұстанатынын мәлімдейді:
САҚТАУ САЛАСЫНДА
«Самұрық-Қазына» АҚ Корпоративтік басқару кодексіне, Қоғамның тұрақты даму саясатына сәйкес тұрақты даму саласындағы басқару жүйесі құрылды. Жүйеге мыналар кіреді:
- Директорлар кеңесі, атқарушы орган және қызметкерлер деңгейінде тұрақты даму қағидаттарын ұстану;
- үш аспекті бойынша ішкі және сыртқы жағдайды талдау (экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік аспектілер)
- тұрақты даму саласындағы тәуекелдерді анықтау;
- мүдделі тараптардың картасын құру;
- тұрақты даму саласындағы мақсаттар мен тиімділікті айқындау, іс-шаралар жоспарын әзірлеу және жауапты қызметкерлерді белгілеу;
- тәуекелдерді басқару, жоспарлау, адам ресурстарын басқару, инвестициялар, есеп беру, операциялық қызмет және басқаларын қоса алғандағы негізгі процестерге (даму стратегиясы мен шешім қабылдау процестеріне) тұрақты дамуды интеграциялау;
- тұрақты даму саласындағы лауазымды тұлғалар мен қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
- тұрақты даму саласындағы іс-шараларды тұрақты мониторингілеу және бағалау, мақсаттар мен тиімділікке қол жеткізуді бағалау, түзету шараларын қабылдау, тұрақты жақсарту мәдениетін енгізу
АЛДЫН АЛУ БОЙЫНШАБІЛІМ ДЕҢГЕЙІН АРТТЫРУ
ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН
ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАУДЫ
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
- ДСД Басқарма төрағасының қызметкерлерге жұмыстарды қауіпсіз орындау туралы өтініші жолданды. Кеңселерді жалға алушылар арасында өндірістік қауіпсіздік бойынша жауапты тұлғалар анықталды. 2023 жылғы 24 ақпанда Астана қаласы ТЖД қызметкерлерінің және ғимараттың өрт сөндіру бекеті бастығының қатысуымен ғимаратта өрт және өндірістік қауіпсіздік бойынша оқу-тренинг өткізілді.
- 2023 жылғы 2 тамызда ТЖД күштерін тарта отырып, «Зеленый квартал» БО, Т4 блок қызметкерлерін эвакуациялау жаттығуы өткізілді. Тәжірибелік жаттығу қорытындысы бойынша ескертулер актісі жазылып, «Зеленый квартал» БО, Т4 блогының барлық жалға алушыларына жолданды. Сондай-ақ «Зевс Энерго» ЖШС өрт қауіпсіздігіне жауапты компанияның атына шағым хат жолданды. 2023 жылғы 29 тамызда ТЖ және штаттан тыс жағдайлар туындаған кезде өрт қауіпсіздігі және мінез-құлық шаралары бойынша оқутренинг өткізілді. Барлық жалға алушыларға жауапты қызметкерлерді жіберу қажеттілігі туралы хабарламалар жіберілді.
- 83 қызметкер ағзаның жай-күйін көрсететін датчиктерге қосылған манекенді пайдалана отырып, алғашқы медициналық көмек көрсету, жүрек массажы және жасанды тыныс алу бойынша оқытылды
Нәтиже: 2023 жылға жоспарланған өндірістік қауіпсіздік шараларының 97% орындалды
ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ
АПАТТЫ МЕКТЕПТЕРДІ,
ҮШ АУЫСЫМДЫ
ОҚЫТУДЫ ЖӘНЕ
ОҚУШЫ ОРЫНДАРЫНЫҢ
ТАПШЫЛЫҒЫН ЖОЮ
Есепті жылы мердігер ұйымдар жер учаскелерін құрылысқа (қоршау, бейнебақылау камераларын орнату, құрылыс техникасын жұмылдыру, инженерлік-геологиялық іздестіру, сынамалық қадаларды бітеу және т.б.) дайындады. Сонымен қатар мектептердің жобалаусметалық құжаттамасы әзірленді. Жобалау-сметалық құжаттамаға мемлекеттік сараптама оң баға беріп, құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды.
Нәтижесі: есепті кезеңде отандық мердігерлермен объектілерді жобалау және салу бойынша кешенді жұмыстарды сатып алудың 207 шарты және инжинирингтік қызметтер көрсетуге (техникалық қадағалау) 191 шарт, оның ішінде Қоғамның еншілес ұйымы «Самұрық-Қазына Девелопмент» ЖШС-мен 96 шарт жасалды.
ҚАҒИДАЛАРЫН ОРЫНДАУ
Бос лауазымдарға жаңа қызметкерлерді іріктеу кезінде Қоғам гендерлік теңдік қағидаттарын басшылыққа алады және басшы персонал құрамындағы әйелдердің үлесін арттырады.
Нәтижесі: 2023 жылы Директорлар кеңесінің құрамында әйелдер саны ұсынылатын үздік әлемдік тәжірибеге сай кемінде 30 % жеткізілді, басшы әйелдер саны барлық деңгейдегі жаңадан тағайындалғандардың жалпы санының 24 % құрады.
БАСҚАРУ САЛАСЫНДА
ҮЗДІК ТӘЖІРИБЕЛЕРДІ
ҚОЛДАНУ, ЖОҒАРЫ
ЕҢБЕК ӨНІМДІЛІГІНЕ
ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ҮШІН
КОРПОРАТИВТІК
МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУ
Мықты көшбасшылық топтарға негізделген тиімді корпоративтік мәдениетті қалыптастыру және дамыту, меритократияның іргелі қағидаттарын енгізу, Қоғамның стратегиялық мақсаттары мен түйінді басымдықтарына қол жеткізуге ықпал ететін корпоративтік құндылықтарды ілгерілету, персоналды тарту көрсеткіштерін өлшеуден Қоғам қызметкерлерінің жалпы әл-ауқатының көрсеткіштерін өлшеуге көшу. Бұл болшақта Қоғам қызметкерлерінің еңбек өнімділігін арттыруға нақты шаралар қолданып, жұмыс ортасын жақсартуға мүмкіндік береді
Нәтиже: 2023 жылы әл-ауқаттылық индексі 55% құрады
ЖАЛПЫ ҚУАТЫ 1000 МВТ
ДЕЙІН ГЕНЕРАЦИЯЛАУДЫҢ
МАНЕВРЛІК РЕЖИМІ БАР
БУ-ГАЗ ҚОНДЫРҒЫСЫ
БАЗАСЫНДА ЭЛЕКТР
СТАНЦИЯСЫН САЛУ
- 2023 жыл ішінде 3-санаттағы кірме автожол, Бадам су қоймасынан су алу жүйесі, су құбырының құрылысы, негізгі алаң бойынша кешенді жұмыстарды кілтпен сатып алуға шарттар жасалды.
- «Самұрық-Қазына Девелопмент» ЖШС Жобаны басқару бойынша қызметтерді сатып алу туралы шарт жасалды.
- 2023 жылғы 29 желтоқсанда «Су алу жүйесін салумен Бадам су қоймасынан алу жүйесі», «Сыртқы газбен жабдықтау» және «500 кВ және 220 кВ кернеуге Шымкент 500 кВ тораптық ҚС электр энергетикалық жүйесінің қуатын беру» жұмыс жобаларына оң қорытындылар алынды.
Нәтиже: 2023 жылы 3-санатты кірме автожол, Бадам су қоймасынан су тарту жүйесі, су құбырының құрылысы, негізгі алаң бойынша аяқталатын кешенді жұмыстарды сатып алуға шарттар жасалды.
- Тұрғын үй жайлылығы мен қолжетімділігін арттыру, қалалық ортаның сапасын жақсарту
- Тұрғын үй және азаматтық объектілердің бәсекеге қабілетті құрылысын қалыптастыру
- Бұрын құрылысқа пайдаланылмаған жер учаскелерін шаруашылық айналымға тарту, құрылысқа арналған жер учаскелерін пайдалану тиімділігін арттыру
- Құрылыс саласы мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың қоршаған ортаға теріс әсерін азайту
ПАЙДАЛАНУҒА БЕР
2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Қоғам Астана, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Қонаев, Көкшетау, Ақсу (Павлодар облысы), Тараз және Өскемен қалаларындағы 19 объекті құрылысына инвестициялау шарттарын (бұдан әрі – ҚИШ) жасасқан. Жасалған ҚИШ бойынша Қоғам меншігіндегі коммерциялық және тұрғын үй жылжымайтын мүлік көлемі 31.12.2023 жылы 309,9 мың м2 және 996 машина орындарын құрады. Жобалардың жалпы құны – 125,9 млрд теңге. Соның ішінде Қоғамның инвестиция көлемі – 76,9 млрд теңге. Осы жобалар Қоғамның өз қаражатынан және нарықтан несие тарту арқылы қаржыландырылды.
Нәтижесі: 2023 жылы 82 мың м2 жылжымайтын мүлік қолданысқа берілді.