Қоғамның тұрақты дамуы
GRI
2-12, 2-13
ТҰРАҚТЫ ДАМУДЫ
БАСҚАРУ ӘДІСІ

Директорлар кеңесі мен Басқарма тұрақты даму саласында тиісті жүйе қалыптастырып, оны енгізуді қамтамасыз етеді. Барлық деңгейдегі барлық қызметкерлер мен лауазымды тұлғалар тұрақты дамуға өз үлесін қосып отырады. Қоғам Басқармасы жанынан кеңесші орган – Тұрақты даму жөніндегі комитет құрылды. Оның негізгі міндеті – тұрақты даму саласындағы саясат пен ережелерді дайындау, сондай-ақ, Басқарма қарауына тұрақты даму жүйесін іске асыру жөнінде ұсыныстар беру

Комитет төрағасы тұрақты дамуға жетекшілік етеді. Осы жылдық есепте біз қоршаған ортаға, қоғамға және экономикаға әсеріміз (оң және теріс) туралы ақпаратты ашуға тырысамыз. Осы бағыттарда қабылданатын шаралар ұзақ мерзімді тұрақтылыққа қол жеткізу

Қоғамның экономикалық тиімділігі мен әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз ету тұрғысынан барынша оң әсер етеді. Тұрақты даму саясатын іске асыра отырып, Қоғам ESG енгізу жоспары шеңберінде Тұрақты даму саласындағы іс-шараларды жүзеге асыруды көздейді. Тұрақты даму саласындағы іс-шараларды іске асыру мәселелері тоқсан сайын Директорлар кеңесінің отырыстарында талқыланды. 2023 жылғы 21 ақпанда Қоғамның Директорлар кеңесінің шешімімен (№ 200 хаттама) 2024–2025 жылдарға арналған «Samruk-Kazyna Construction» АҚ ESG енгізудің жаңартылған жоспары бекітілді.

Инвесторлармен және қаржы институттарымен қарым-қатынас орнату шеңберінде ESG қағидаттарына сәйкестіктің маңыздылығын түсіне отырып, Қоғам қызметтің экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік аспектілерін басқару бойынша өз тәсілдерін жетілдіруге және мүдделі тараптарға есеп беруге ұмтылады.

МАҢЫЗДЫ ТАҚЫРЫПТАРДЫ АНЫҚТАУ
GRI
3-1, 3-2, 3-3

Тұрақты даму саласындағы есептің мазмұнын айқындау үшін жыл сайын тұрақты даму саласындағы мүдделі тараптарға сауалнама жүргізіледі. 2023 жылы GRI стандарттарына сәйкес стейкхолдерлерге сауалнама жүргізілді. Сауалнама қорытындысы бойынша Қоғам мен стейкхолдерлер үшін аспектілер маңыздылығының арақатынасын көрсететін матрица әзірленді. Матрицаның көлденең осі бойынша аспектілер Қоғам үшін маңыздылық дәрежесіне, ал тік ось мүдделі тараптардың бағалауына негізделген. Маңызды аспектілерді саралау олардың басымдылығын нақты түсіну негізінде стейкхолдерлермен өзара әрекеттесуді сындарлы түрде қалыптастыруға мүмкіндік береді.

МАҢЫЗДЫ ТАҚЫРЫПТАР МАТРИЦАСЫ
МҮДДЕЛІ ТАРАПТАРМЕН
ТИІМДІ ӘРЕКЕТТЕСУ
GRI
2-9

Қоғам басқа мүдделі тараптармен сыйластық пен ынтымақтастыққа негізделген өзара қарым-қатынастың тиімді жүйесін құруға ұмтылады.

Қоғам стейкхолдерлердің үлесі мен олардың мүдделерін сипаттай отырып, өз қызметі барысында өзара іс-қимылды жүзеге асыратын стейкхолдерлердің толық тізбесін айқындайды. Мүдделі тараптардың маңыздылығын бағалау кезінде стейкхолдерлер екі факторға бөлінеді: мүдделі тараптың Қоғамға әсер ету күші және стейкхолдердің Қоғам қызметіне танытатын қызығушылық деңгейі.

Қоғамның мүдделі тараптары қатарына (стейкхолдерлері): тұрғын үй-жайларын сатып алушылар мен жалға алушыларды, Қоғам қызметкерлерін, Жалғыз акционер және Директорлар кеңесін, еншілес және тәуелді ұйымдарды, бас мердігерлер мен құрылыс компанияларын, сенімгерлік басқарудағы кәсіпорындарды, тапсырыс берушілерді, жергілікті атқарушы органдар мен мемлекеттік органдарды, қаржы институттарын, бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік желілер пайдаланушыларын жатқызуға болады.

Мүдделі тараптармен өзара іс-әрекет принциптері, тетіктері мен рәсімдері негізінде Әдеп кодексі, Тұрақты даму саясаты және Стейкхолдерлер картасы жасалып, корпоративтік веб-сайтта жарияланған. Стейкхолдерлермен өзара қарым-қатынас жасау стратегиясы 3-қосымшада көрсетілген.

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН
КҮРЕСУ ЖӘНЕ ОНЫҢ АЛДЫН АЛУ
GRI
2-15, 2-16, 2-25, 205, 406-1

Қоғам өз қызметінде адам құқықтарының сақталуын қатаң қадағалайды. Компания ұлты, жынысы, шығу тегі, жасы және өзге де адами белгілері бойынша кемсітушілікке жол бермейді. Қызметкерлердің өз құқықтары мен мүдделерін қорғай алуы үшін Қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдар құру құқығын іске асыруына кедергі келтірмейді.

Есепті кезеңде Қоғамда қандай да бір белгі бойынша кемсітушілік жағдайлары тіркелмеген.

Қоғамның стратегиялық мақсаттары және оның қызметін жүзеге асыру сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністерімен үйлеспейді.

Қоғам сыбайлас жемқорлық пен алаяқтыққа қарсы іс-қимылды, корпоративтік мүдделер қақтығысын болдырмауды қоса алғанда мүдделі тараптармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етуді, сенімгерлік корпоратив ішілік қатынастарды құруды қажетті факторлар ретінде танып, бизнесті адал жүргізеді.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қор тобының барлық компанияларында комплаенс қызметі жұмыс істейді. Комплаенс және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің сенімді әрі тиімді басқарылуын қамтамасыз ететін қызмет жүйесін құру – Комплаенс қызметінің басты міндеті.

Қоғамда Директорлар кеңесінің шешімімен тағайындалатын Комплаенс бақылаушы жұмыс істейді. Ол Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының сақталуын, комплаенс мәселелері бойынша құжаттардың бекітілуін, сондай-ақ заңнамаға және үздік халықаралық тәжірибеге сәйкес ашықтық пен сенімділік қағидаттары негізінде ішкі корпоративтік мәдениетті қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

Жыл сайын комплаенс-тренингтер өткізу, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Әдеп кодексін меңгеру деңгейін тестілеу арқылы Қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру жалғасуда. Сонымен қатар Қоғам қызметкерлері арасында жедел желі жұмысы мәселелері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға байланысты іс-шаралар туралы түсіндіру жұмыстары тұрақты негізде жүргізіледі.

Алаяқтық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатын ұстану мәселелері бойынша Қоғамның 118 қызметкері оқытылды (комплаенс-тренинг). Табыс пен мүлікті жалпыға бірдей декларациялау мәселесі бойынша кеңес берілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау әрі мүдделер қақтығысын болдырмас үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қолданылады: мүдделер қақтығысын болдырмау мақсатында қызметкерлермен сұхбат жүргізіледі, басшылар арасында мүдде қақтығысының жоқтығы тексеріледі, үлестес тұлғалардың тізімін қаржылық есептілік депозитарийге уақтылы орналастыру бақыланады дәне де үлестес тұлғалардың тізімі құрылып, ақпараттың қолжетімділігі қамтамасыз етіледі.

Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңында және бекітілген комплаенс саясатында көрсетілген талаптардың сақталуы тұрақты негізде бақыланып отырады. 2023 жылы Қоғамның Комплаенс-бақылаушысы ереже бұзушылықтың расталған фактілерін тіркеген жоқ.

САТЫП АЛУЛАР ТӘЖІРИБЕСІ
GRI
3-3, 308

Қоғамның сатып алу қызметі саласындағы негізгі мақсаты – оларды сатып алудың оңтайлы шарттарымен барлық бөлімшелердің тұрақты жұмысы үшін қажетті ресурстарды уақтылы, тиімді және толық қамтамасыз ету. Қоғамда ашықтық, тең құқықтылық және адал бәсекелестікті дамыту қағидаттарына негізделген тиімді сатып алу жүйесі құрылған. Сатып алу процедуралары анық, ашық, стандартталған және қарапайым. Қоғамның сатып алу қызметінің артықшылықтары: «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының мүгедектер ұйымдарының тізілімінде тұрған кәсіпкерлерден және жалпы тізілімдегі тауар өндірушілерден ғана тауарлар мен қызметтер сатып алу. Өндірушіні таңдау мынадай тәсілдермен жүзеге асырылады: ашық тендер өткізу (оның ішінде төмендетуге арналған сауда-саттықты қолдана отырып); баға ұсыныстарын сұрату (оның ішінде төмендетуге арналған сауда-саттықты қолдана отырып); бір көзден, сондай-ақ арнайы тәртіпті қолдана отырып және электрондық дүкеннен сатып алу.

2023 жылы әлеуетті өндірушілер арасында тұрақты даму қағидаттарын танымал ету мақсатында Қоғам қызметкерлерді жалдау және еңбек жағдайын қамтамасыз ету, іскерлік әдепті сақтау, қоршаған ортаны қорғау, әлеуметтік жауапкершілік талаптарын қамтитын сатып алу туралы шартқа және құрылысқа инвестициялау шарттарына міндетті қосымша болып табылатын контрагенттердің Әдеп кодексін бекітті.

GRI
308

Сатып алу бойынша көрсеткіштер 4-қосымшада көрсетілген.

GRI
204-1
Е ҚҰРАУШЫСЫ.
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТ
GRI
3-3, 303
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУҒА ӘСЕРДІ БАСҚАРУ

Қоғам экологиялық тепе-теңдікті сақтау және қоршаған ортаға ұқыпты қарау қажеттілігін мойындай отырып, қоршаған ортаны қорғау қызметін өзінің қазіргі жұмысының маңызды бөлігі ретінде қарастырады.

Тұрғын үй құрылысының инвестициялық жобаларын іске асыру шеңберінде Қоғамның қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қызметі мердігер жүргізетін құрылыстың сапасын бақылау жолымен жүзеге асырылады. Бұл ретте Қоғам мердігерлердің құрылыс алаңдарынан қоршаған ортаға шығаратын жанама шығарындыларына (құрылыс қоқыстары) мониторинг жүргізеді. Нысан құрылысынан ең көп зардап шегетіні қоршаған ауаның сапасы болып табылады. Көбінесе құрылыс алаңдары тұрғын үйлерге жақын орналасатындықтан, сол құрылыс нысандары атмосфераға және халық денсаулығына теріс әсер ету ошағына айналып, ахуал күрделене түседі. Құрылыс алаңын инженерлік зерттеп дайындаудан бастап, аумақты аббаттандыру мен көгалдандыруға дейінгі құрылыстың бас-аяғында жүргізілетін жұмыстар атмосфераны ластайды. Құрылыс алаңдарындағы негізгі атмосфераны ластаушылар – құрылыс машиналары мен механизмдері (автокрандар, экскаваторлар, грейдерлер, самосвалдар, борттық автомобильдер, бетон сорғылары мен бетон араластырғыштар, төсеушілер, автогудронаторлар, дизель-генераторлар, дәнекерлеу аппараттары, кесу станоктары, тегістеу машиналары және т.б.) Әр құрылыс объектісі атмосфераға әр түрлі дәрежеде теріс әсер етеді. Ол ең алдымен құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлеміне байланысты. Қоршаған ортаға зиянды заттардың эмиссиялары Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы кодексінің ережелеріне сәйкес қоршаған ортаға бөлінген эмиссиялар үшін ақы алынады. Ластаушы шығарындылар, өндіріс және тұтыну қалдықтары қоршаған ортаға белгіленген нормативтер шегінде не одан асатын көлемде бөлінсе, оларға салық салынады. Қоғам құрылыс компанияларының объектіні салу және өзіне алған міндеттемелер мен нормативтерді орындау кезінде міндетті түрде ластануды кешенді бағалауын қадағалайды.

Сонымен бірге құрылыс компанияларының экологиялық сараптаманың жұмыс жобасын әзірлеу кезінде және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізгенде облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармаларынан алған рұқсаттамаларының болуы қатаң қадағаланады.

Қоғамда экологиялық ортаға өз әсерін басқару мақсатында қағазды, шығыс материалдары мен энергия ресурстарын үнемді тұтыну шаралары жүзеге асырылады; электрондық құжат айналымы, электрондық есептілік жүйелері енгізіледі және жетілдіріледі; энергия тұтынуды азайту және оның тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар қолданылады.

Энергиялық ресурстарды тұтыну «Зеленый квартал» БО «Қазына Тауэр» БО*
2022 жыл 2023 жыл 2022 жыл 2023 жыл
Электр қуатын тұтыну, мың квт/сағ 3697 4 169 1 355 659
Су тұтыну, м³ 20 836 19 580 6 042 3 854
Жылумен жабдықтау, Гкалл 4 519 3 406 2 727 1 497
* 2023 жылғы 27 шілдеде «Қазына Тауэр» бизнес орталығы мемлекет меншігіне берілді.
S ҚҰРАУШЫСЫ.
ӘЛЕУМЕТТІК АСПЕКТ
GRI
2-7, 3-3, 401-1
КАДРЛЫҚ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ

Қызметкерлер – Қоғамның басты активі және тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі стратегиялық серіктесі. Портфельдік компанияларда адам ресурстарын басқару бөлігіндегі басты бизнес-процестер «Самұрық-Қазына» АҚ бекіткен адам ресурстарын басқару жөніндегі корпоративтік стандарттың негізінде жүргізіледі. Жыл сайын осы процеске қызметкерлердің қатысуы бағаланады. 2023 жылы атқарылған жұмысты қорытындылай келе «Әлеуметтік өзара іс-қимыл және коммуникациялар орталығы» ЖМ бұл көрсеткішті кеңейтіп, физикалық және психикалық әл-ауқат, әлеуметтік әл-ауқат, қаржылық әл-ауқат индекстерін бағалады. Әл-ауқат индексі 55% көрсетіп, бұл «шартты түрде қолайлы» деп бағаланды. Сауалнама респонденттердің өмірдің әртүрлі аспектілеріне қанағат тұтатындығын, компания қызметіне белсенді қатысатындығын және жұмыс істеуге жоғары ынтасы барын көрсетті.

Қоғамның өз міндеттерін іске асыру үшін тиісті кәсіби құзыреті бар мамандарға Қоғамның қажеттілігін қамтамасыз ету, құрылыс пен жобалаудағы жобаларды басқару саласындағы құзыреттерді дамыту, инвестициялық жобаларды тарту және іске асыру, Қоғам қызметінің табыстылығын арттыру Қоғамның адами ресурстарды басқару бөлігіндегі басым бағыттары болып табылады. Қоғамның кадр саясатының маңызды бағыттарының бірі – қызметкерлерді дамыту және қызметкерлерге кәсіби, мансаптық өсуге жол ашу, жоғары еңбек өнімділігінің корпоративтік мәдениетін енгізу үшін қызметкерлердің уәждемесін арттыру. Цифрлық технологиялардың дамуын ескере отырып, қашықтықтан оқыту курстары, вебинарлар және жұмыс орындарында оқыту сияқты оқыту әдістері белсенді қолданылады.

Дағдылы әрі құзыретті мамандарды тарту мақсатында Қоғамда персоналды іздеу және іріктеу бойынша ашық конкурстар өткізіледі. Өтініш берушілерді көбірек қамту мақсатында жарияланған конкурстар туралы ақпаратты орналастыру үшін Қоғамның әлеуметтік желілері мен корпоративтік сайты да пайдаланылады.

2023 жылы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру бойынша өндірістік персоналды қоса алғанда 277 қызметкер конкурс арқылы жұмысқа қабылданды. Әкімшілік-басқару персоналының бос лауазымдарына барлық кандидаттар «Samruk Business Academy» ЖМ провайдері арқылы кәсіби білімді тестілеу және одан әрі дамыту үшін әлеуетті бағалау рәсімдерінен өтеді.

Ұлттық жобаны уақтылы іске асыру үшін білікті кадрларды тиімді және жедел іріктеу, жалдау мақсатында конкурстық рәсімдер жеңілдетілді. Кандидаттардың кәсіби білімі мен қажетті дағдыларын бағалау Қоғамның Басқарма төрағасының бұйрығымен құрылған Ұлттық жобаны іске асыру және өңірлік даму департаментінің қызметкерлер жөніндегі комиссия мүшелерімен сұхбаттасу арқылы жүзеге асырылды.

2024 жылы қабылданған қызметкерлерді бейімдеу бойынша жұмысты жетілдіру, ұжымның тиімділігі мен командалық рухын арттыру үшін қызметкерлердің белсенділік, қанағаттану және ынталандыру деңгейін арттыру қажет.

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ҚЫЗМЕТ ӨНІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ

Басшы қызметкерлер (Басқарма мүшелері) бойынша бір жылға қызметтің негізгі көрсеткіштерін (ҚНК) Директорлар кеңесі бекітеді. Жыл аяқталғаннан кейін ҚНК орындалуы бағаланады. Директорлар кеңесіне есеп беретін қызметкерлердің қызметін бағалауды (3 қызметкер) Директорлар кеңесі жыл басында бекітілетін ҚНК негізінде жүзеге асырады.

Қызметтің негізгі көрсеткіштері әр қызметкердің бір жылға арналған мақсат картасын бекітуі арқылы бағаланады. Қызметті бағалаудың тиімділігіне шолу жартыжылдықтағы мақсаттар картасының орындалуын мониторингтеу және қызметкерлердің бір жылдағы қызметін кешенді бағалау жолымен жүзеге асырылады.

Қызметкерлердің жұмысын бағалау тәртібіне сәйкес жыл сайын есепті жылдың 31 желтоқсанына дейін әкімшілік және басқарушы қызметкерлерге кешенді бағалау жүргізіледі. Мәселен, 2023 жылы мансаптың тиімділігі мен дамуына тұрақты шолу 63% құрады, оның ішінде ерлер 58%, әйелдер 77%.

GRI
404-3
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ОҚЫТУ

Кәсіби оқыту процесіне қойылатын талаптар Қоғам қызметкерлерін оқыту және дамыту қағидаларында бекітілген.

Қоғам қызметкерлерін оқыту және дамыту қажеттілігін қанағаттандыру үшін қызметкерлерді дамытудың жеке жоспарларына сәйкес күнтізбелік оқыту жоспары бекітілді. Қызметкерлерге Қазақстан Республикасының оқу ұйымдары ұсынатын жыл бойы біліктілікті арттыру бойынша онлайн және офлайн курстардан, семинарлардан, тренингтерден өту, білім мен біліктіліктің сәйкестігі тұрғысынан емтихандар мен тестілеуге қатысу мүмкіндіктері берілді.

2023 жылғы оқу қорытындысы бойынша қызметкерлердің білімі мен құзыреттілігі расталды (кәсіби қаржы менеджерінің дипломы – 1 адам, «HRProfessional» біліктілікті арттыру курсын өткені туралы диплом – 1 адам).

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР МЕН БАСШЫЛЫҚТЫҢ ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ
GRI
2-26

2023 жылы Қоғам қызметкерлеріне арналған үндеу «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасын іске асыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне қатысты болды. Қызметкерлер мен басшылықтың өзара қарым-қатынасы аясында үнемі келесідей іс-шаралар өткізілді:

  • операциялық қызмет мәселелері бойынша басшы қызметкерлер мен құрылымдық бөлімшелер басшыларының қатысуымен апта сайынғы аппараттық жиналыстар;
  • Басқарма төрағасының құрылымдық бөлімшелердің барлық қызметкерлерімен функционалдық міндеттерді орындау және есепті кезеңде бекітілген мақсат карталарына қол жеткізу мәселелері бойынша жартыжылдық кездесулер;
  • қызметкерлердің проблемалары мен ұсыныстарын бейресми жағдайда талқылау мақсатында басшылықтың еңбек ұжымымен тоқсан сайынғы «галстуксыз кездесулер». Қызметкерлерді жеке мәселелері бойынша апта сайын басшылық қабылдады.

Қоғам қызметінің ағымдағы мәселелері бойынша алқалы шешімдерді талқылау және қабылдау үшін комитеттер мен жұмыс топтары жұмыс істейді.

Қоғамда жұмыскерлерден әлеуметтік-еңбек сипатындағы шағымдар мен өтініштерін қабылдайтын және бақылайтын Омбудсмен жұмыс істейді. 2023 жылы «Нысан» желісі бойынша 6 өтініш келіп түсті. Оның ішінде 3 факт расталды. Екі факт бойынша анықталған бұзушылыққа қарсы шаралар қабылданды, бір мәселені жергілікті атқарушы орган өкілдерінің реттеуіне байланысты Қоғам қараусыз қалдырды.

ЫНТАЛАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ
GRI
401-2, 401-3

Қоғам қызметкерлеріне еңбекақы төлеу және сыйақы беру еңбекақы төлеу қағидаларымен реттеледі. Қағидалардың мақсаты – қызметкерлерді есепті кезеңде көрсеткен нәтижелері үшін көтермелеуге, мақсаттарына тиімді қол жеткізуін бағалауға мүмкіндік беретін еңбекақы төлеу жүйесін тағайындау арқылы Қоғамның стратегиялық міндеттерін орындауға жәрдемдесу. 2023 жылы 61 жаңа лауазым сипатталып, қызметкерлер жалақысының бәсекеге қабілеттілік деңгейін бағалау үшін жалақы нарығын талдау жүргізілді. Басшы және әкімшілік қызметкерлердің лауазымдары бойынша белгіленген грейдтерді ескере отырып еңбекақы төлеу жүйесі енгізілді. Қоғам қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету қағидаларына сәйкес әлеуметтік қолдаудың мынадай түрлері көрсетіледі: материалдық көмек, өтемақы шығындары, қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерін медициналық сақтандыру, тұрғын үй мәселелерін шешуге жәрдемдесу. Қоғамда ерлер мен әйелдердің еңбегі бірдей төленеді.

Қызметті бағалау нәтижелері бойынша қызметкерлер үшін жалақының ауыспалы бөлігін төлеуге жоспарланған сыйлықақы төленеді.

Құрылысшылар күні мен Республика күніне орай Қоғам қызметкерлері Құрмет грамоталарымен және төсбелгілермен марапаттауға ұсынылды. Мемлекеттік наградалармен наградтау үшін ұсыныстар жіберіледі.

ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ОРНЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК
GRI
403

Қоғам жұмысшылардың денсаулығына, еңбек жағдайларына және жұмыс орындарында қауіпсіздік техникасын қамтамасыз етуге ерекше назар аударады. Қоғам қызметкерлерінің және олардың отбасы мүшелерінің денсаулығын жақсарту үшін:

  • тәулік бойғы консультациялық-диспетчерлік қызмет (call centre), жедел жәрдем қызметі, стационарлық емделу, амбулаториялықемханалық көмек, профилактикалық медициналық тексеру, отбасылық дәрігер мен медбикенің үйге келіп қызмет етуі, тіс емдеу, тұмауға қарсы егу, ауырған жағдайда сақтандыру секілді қолжетімді қызметтер ұсынады;
  • еңбек демалысына шығарда сауықтыру жәрдемақысын бөледі;

Сонымен қатар қызметкерлердің жұмыс орнындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мынадай шаралар қолданылады:

  • жұмыскерлерге еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша міндетті өндірістік оқыту. Жаңадан қабылданған жұмыскерлерге бірінші кезекте өрт қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау тақырыптары бойынша оқыту;
  • кеңсе ғимараттарында орналасқан жабдықтар, инженерлік желілер, компьютерлер мен кеңсе жабдықтарына талапқа сай профилактикалық жөндеу жүргізу.

Қоғам қызметкерлері «Зеленый квартал» БО, Т4 блогының» (бұдан әрі – ғимарат) 6, 8, 11, 14 және 15 қабаттарында еңбектенеді. Әрбір жұмыс орны олардың қажеттілігіне, еңбек қорғау мен қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін ұйымдастыру техникасымен жабдықталған. Ғимараттың апаттық жолдары мен кеңселерден шығу жолдары арнайы белгілермен ерекшеленген. Ғимараттың өрт автоматикасының жұмыс қабілеттілігін және жұмыс орындарындағы қызметкерлердің өрт қауіпсіздігін сақтауын мамандандырылған ұйым қамтамасыз етеді. Техникалық регламентке сәйкес жарты жылда бір рет тексеру өткізіледі.

Апат не өрт болған жағдайда Техникалық персоналдың әрекет ету дағдысы бекітілген жаттығу жоспарына сәйкес пысықталады. Жаңадан қабылданған қызметкерлерге өрт қауіпсіздігін сақтау ережелері түсіндіріледі. Жұмыс кеңселері орналасқан ғимараттардағы температура, жарықтандыру, микроклимат, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес. Ғимараттың инженерлік жүйесі мен құрылымына уақытылы техникалық қызмет көрсетіледі.

Қоғам қызметкерлері «Samruk Business Academy» ЖМ: қауіпсіздік бойынша әдеп аудиті, жұмыс орнындағы гигиена және санитарлық нормаларды сақтау, мердігерлерді басқару кезіндегі қауіпсіздік тақырыптарындағы курстарда білім алды. Және де «Samruk Business Academy» ЖМ еңбекті қорғауда және қауіпсіздік техникасын сақтауда көшбасшылық ету халықаралық деңгейдегі сертификатын бере отырып, Vision Zero тұжырымдамасына оқыту жүргізілді.

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасын сақтау саласындағы уәкілетті тұлғасы құрылыс объектілерін мердігер ұйымдардың еңбек, өнеркәсіп, өрт қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғауын регламентке сәйкес тексеру жүргізеді. 2023 жылы тексеру қорытындысы бойынша мердігер ұйымдарда өндірістік қауіпсіздік саласындағы 198 сәйкессіздік анықталып жойылды.

ДЕМЕУШІЛІК ЖӘНЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ

«Самұрық-Қазына» АҚ қайырымдылық саясаты мен қайырымдылық бағдарламасына сәйкес демеушілік және қайырымдылық қызметі «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірыңғай операторы – «Samruk-Kazyna Trust» АҚ әлеуметтік жобаларды дамыту қоры арқылы жүзеге асырылады. Қоғамның 2023 жылға арналған бюджетінде осы бағыттағы қызметке қаражат көзделмеген.

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы 05.08.2021 ж. бекіткен «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының 2021–2023 жылдарға арналған Корпоративтік волонтерлікті дамыту жөніндегі Жол картасының (бұдан әрі – Жол картасы) 8-тармағына сәйкес «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобында қайырымдылық жөніндегі іс-шаралар жоспарына сай Қоғам қызметкерлері келесіге қатысты:

  • 31 мамыр «Мен донормын» акциясы;
  • тамыз айында «Мектепке жол» акциясы;
  • желтоқсан айында «Тілектер шыршасы» акциясына белсенді қатысып, 15 хатта жазылған балалардың тілектерін орындады.

Саналы экологиялық ұстанымды нығайту мақсатында Қоғам аумақты тазарту үшін сенбілік ұйымдастырды.

ӨҢІРЛЕРДІ ДАМЫТУДЫ ҚОЛДАУ
GRI
203, 413-1

Қоғам мердігерлер мен серіктестерімен бірлесе отырып жергілікті бюджетке алым-салықтың төленіуін қамтамасыз ету, жергілікті өндірушілерден тауар не қызмет сатып алу арқылы өңірдің дамуына үлес қосып отырады. Жаңа тұрғын үй объектілерін қолданысқа беру арқылы баспана қолжетімділігін арттыруда; ескі үйлерді жаңарту арқылы тұрғындарға қолайлы және жайлы өмір сүру жағдайларын жасауда; ескі және апаттық тұрғын үйлерді жаңарту бағдарламасын іске асыру арқылы қаланың сәулеттік келбетін жаңартуда; тұрғын үй құрылысы және аумақтық даму саласындағы инвестициялық ахуалды жақсартуда Қоғамның әлеуметтік бағдарланған қызметі көрінеді. Бұдан басқа өңірлердегі құрылыс саласына қолдау көрсету жолымен әр түрлі әлеуметтік топтарға баспана қолжетімділігін арттыруға, жылжымайтын мүлік нарығын жандандыруға ықпал етеді.

Есепті жылы құрылыс материалдары импортты қысқартуға бағытталған зауыттар құрылысының бағдарламасына қатысу шеңберінде Қоғам «Астана қаласында шатыр және қаптау материалдарын өндіру зауыты» құрылысын аяқтады

2023 жылғы 26 желтоқсанда зауыт іске қосылды. Зауытты қолдау мақсатында Қоғам «MetalFormer» ЖШС өнімдерін өз жобаларында пайдаланып, зауыттың өндірістік қуатын жүктеу арқылы көмектеседі.

Түркістан қаласында қуаттылығы 1000 МВт дейінгі бу-газ қондырғысы базасында электр станциясын салу елдің энергетикалық қауіпсіздігін арттырады, атап айтқанда, энергетикалық қуат тапшылығының орнын толтыруға, Орталық Азияның (Өзбекстан, Қырғызстан) энергетикалық жүйесін құратын апаттық кернеу айырмашылықтарын нивелирлеуге және әлеуметтік бағдарланған тіршілікті қамтамасыз ететін объектілерді дербес үздіксіз энергиямен жабдықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл станция жаңартылатын энергия көздерін ұлттық энергетикалық жүйеге интеграциялау үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Станция құрылысы үшін 2 мың жаңа жұмыс орны құрылады.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыруға отандық тауар өндірушілердің қатысуы заң жүзінде бекітілді. Үкіметтің 2022 жылғы 30 қарашадағы №963 қаулысында көрсетілгендей «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Дирекция ретінде «Самұрық-Қазына» АҚ және «Атамекен» ҰКП тауар өндірушілер тізіліміндегі («СТ-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат және/немесе индустриялық сертификат негізінде салалық тізілім) кәсіпкерлерден жиһаз өнімдерін келісім-шарт негізінде сатып алмақ.

Мердігер ұйым объектіні жобалау және салу жөніндегі кешенді жұмыстарды сатып алу шартына сәйкес өзіне мынадай міндеттер алады:

  • 5.1.7-тт. «ЖСҚ ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін 30 (отыз) жұмыс күні ішінде объектіге бағдарламалық қамтамасыз етумен жиһаз, оқу, инженерлік және интерактивті жабдықты жеткізуге шарттар жасасуға және Тапсырыс берушіге төлем туралы растайтын құжаттарды ұсынуға»;
  • 5.1.10.20-тт. «Самұрық-Қазына» АҚ тауар өндірушілер тізіліміндегі және/немесе «Атамекен» ҰКП отандық өндірушілер тізіліміндегі заңды тұлғалар арасында, сондай-ақ өзге де отандық өндірушілерден жиһаз сатып алуды жүзеге асыруға»;
  • 10.13-тт. «Егер Мердігер «Атамекен» ҚР ҰКП отандық өндірушілердің тізіліміне (Индустриялық сертификат негізіндегі салалық тізілім) сәйкес отандық тауар өндірушілерден жиһаз сатып алу жөніндегі міндеттемені бұзса, мердігер сәйкес міндеттемені орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сай жауапты болады»

Ұлттық жоба аясында отандық өндіріс орындарында тапсырысты орналастыру үшін Қазақстан Республикасының білім Министрлігі және «Атамекен» ҰКП келісілген мектептерді жарақтандыруға арналған технологиялық жабдықтар мен жиһаздардың тізбесі айқындалды. Бұдан басқа, жергілікті өндіріс орындарынан (Астана, Алматы, Шымкент қалалары – фиброцемент панельдері (ФЦП), Ақмола, Қызылорда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ұлытау облыстары – сызықтық панельдер, Алматы, Жетісу облыстары – вулкандық туф, Павлодар, Қостанай, Абай, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстары – қаптамалы кірпіш, Түркістан, Жамбыл облыстары – травертиннен және ФЦП-дан, Маңғыстау, Атырау облыстарынан құрама қасбет – тегістелген қабық тас (LIMESTONE)) өңірлер бөлінісінде қасбеттік материалдарды қолдану жөнінде шешім қабылданды.

Есепті кезеңде отандық мердігерлермен объектілерді жобалау және салу бойынша кешенді жұмыстарды сатып алудың 207 шарты және инжинирингтік қызметтер көрсетуге (техникалық қадағалау) 191 шарт, оның ішінде «Самұрық-Қазына Девелопмент» ЖШС Қоғамның еншілес ұйымымен 96 шарт жасалды.

Қоғамның тұрақты дамуы
25