Қоғамның тұрақты дамуы
G ҚҰРАУШЫСЫ.
БАСҚАРУШЫЛЫҚ АСПЕКТ
КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ ҚҰРЫЛЫМЫ

Қазіргі экономикада корпоративтік басқару ұйымның даму деңгейін ғана емес, сонымен қатар инвестициялық тартымдылық дәрежесін анықтайтын маңызды факторлардың бірі болып табылады.

Корпоративтік басқару жүйесі Жалғыз акционердің, Директорлар кеңесінің, Басқарманың, Корпоративтік хатшының, ішкі аудит қызметінің және Комплаенс бақылаушының жұмысын қамтиды. Мұндай жүйе мақсат қою тетіктерін, оларға қол жеткізу және бақылау құралдарын анықтайтын ішкі қамтамасыз ету құралдарына жатады.

GRI
2-9

Корпоративтік басқару тәуекелдерді және менеджментті бақылау, ашықтықты арттыру процестерін оңтайландырады. 963 Мәселелерді қарау және шешім қабылдау тәртібінің сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Директорлар кеңесі, Басқарма, шенеуніктер мен жұмысшылар арасында өкілеттіктер мен жауапкершіліктің нақты айырмашылығы бар. Органдардың құзыреті, өкілеті, жауапкершілігі Жарғыда, Директорлар кеңесі мен Басқарма туралы ережелерде айқындалған.

Қоғам дәстүрлі түрде үздік әлемдік тәжірибелерге сүйене отырып тиімді корпоративтік басқару жүйесін құруда шешуші рөл атқарады. Корпоративтік басқару кодексінің негізгі қағидаттарын сақтау Қоғам Компанияның ұзақ мерзімді табысты дамуының, оның инвестициялық тартымдылығын арттырудың қажетті шарты деп санайды.

Корпоративтік басқару кодексінде тұжырымдалған принциптер Қоғам үшін өзінің ішкі құжаттарын әзірлеудің маңызды көзі және корпоративтік басқарудың ең жақсы тәжірибесін қалыптастыру үшін эталон болып табылады. Қоғам Корпоративтік басқару құрылымының Қазақстан Республикасының заңнамасына және «Самұрық-Қазына» АҚ Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес келуіне және басқару органдары арасындағы міндеттердің бөлінуін нақты айқындауға ұмтылады. Корпоративтік басқару қағидаттарын ұстану Қоғам қызметіне объективті талдау жүргізу үшін тиімді тәсілді құруға жәрдемдеседі. Корпоративтік басқару әділеттілік, адалдық, жауапкершілік, ашықтық, есеп беру, кәсібилік және құзыреттілік негізінде құрылған.

Корпоративтік басқарудың тиімді құрылымы барлық мүдделі тараптардың құқықтары мен мүдделерін құрметтеуді көздейді. Қоғамның табысты қызметіне, оның ішінде құндылығының өсуіне және нарықтық құнның ұлғаюына, қаржылық тұрақтылық пен табыстың жоғары болуын сақтауға ықпал етеді. Қоғам Корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру жөнінде тұрақты негізде шаралар қабылдауда. «Самұрық-Қазына» АҚ Корпоративтік басқару кодексінің қағидаттарын ұстану туралы есебімен Қоғамның интернет сайтында танысуға болады: https://skcn.kz/ru/news/ otchet-o-sledovanii-principam.

ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ
GRI
2-9, 2-10, 2-11, 2-13, 2-14

Қоғамның қызметіне жалпы басшылықты «Самрұқ-Қазына» АҚ айрықша құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешуді қоспағанда Директорлар кеңесі жүзеге асырады.

Директорлар кеңесінің төрағасы Жалғыз Акционердің шешімімен сайланады. Директорлар кеңесінің құрамына кандидаттарды іздеу және іріктеу процесін Қор Директорлар кеңесінің төрағасымен және Компанияның Директорлар кеңесінің Тағайындаулар мен сыйақылар Комитетінің төрағасымен бірлесіп жүзеге асырады.

GRI
2-10, 2-11

Директорлар Кеңесінің айрықша құзыретіне басым бағыттарды айқындау және Қоғамның даму стратегиясын, Бизнес-жоспарды бекіту, тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімді жұмысын қамтамасыз ету, Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметіне бақылауды жүзеге асыру және т.б. жатады.

Директорлар кеңесінің практикасы парасаттылық, тиімділік, белсенділік, адалдық, жауапкершілік, дәлдік, кәсібилік, объективтілік, жүйелілік қағидаттарына негізделеді.

Директорлар кеңесінің төрағасы кеңес мүшелерінің міндеттерін басшылыққа алуға және тиімді орындауға, тиісті коммуникация құруға жауапты. Пайда болған корпоративтік қақтығыстардың теріс әсерін азайту амалдарын қарастырады. Директорлар кеңесінің мүшелері үшін жағдай жасайды, сондай-ақ шешім қабылдау өкілетінің, есеп беру және тәуелсіздігінің тиісті теңгерімін қамтамасыз етеді. Төраға - Кеңес мүшелері құрметтейтін, сенетін, олар мақұлдаған шешімдердің іске асуын қамтамасыз ететін тұлға.

GRI
2-12
ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ҚҰРАМЫ
ЖӘНЕ ОТЫРЫСТАРҒА ҚАТЫСУЫ
Қоғам Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 31 желтоқсандағы құрамы:
т/т № Т.А.Ә. Лауазымы Директорлар кеңесінің құрамына сайлау Директорлар кеңесінің құрамына қайта сайлау
1. Сәтжан Салтанат
Ерболқызы
Директорлар кеңесінің төрайымы
«Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерінің өкілі
2023 жылғы 27 шілде 2024 жылғы 6 наурыз
2. Корабаев Елжас
Кайратович
Директорлар кеңесінің мүшесі,
«Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерінің өкілі
2022 жылғы 18 ақпан 2024 жылғы 6 наурыз
3. Айманбетов Маулен
Зарлыкович
Директорлар кеңесінің мүшесі,
«Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма төрағасы
2023 жылғы 5 мамыр 2024 жылғы 6 наурыз
4. Мыншарипова Сая
Найманбайкызы
Тәуелсіз директор 2023 жылғы 20 сәуір 2024 жылғы 6 наурыз
5. Кыдырбаев Ержан
Берикулы
Тәуелсіз директор 2023 жылғы 12 мамыр 2024 жылғы 6 наурыз
6. Милютин Александр
Александрович
Тәуелсіз директор 2023 жылғы 19 мамыр 2024 жылғы 6 наурыз

Есептік жылда Директорлар кеңесінің құрамында келесі өзгерістер орын алды:

  • «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі №20/23 шешімімен тәуелсіз директор С.Н. Мыншарипова Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды. 2024 жылғы 6 наурызда қайта сайланды. Өкілеттік мерзімі 2027 жылғы 6 наурызға дейін белгіленген (тұтастай алғанда Директорлар кеңесінің өкілеттігі аяқталғанға дейін «СамұрықҚазына» АҚ Басқармасының 06.03.2024 ж. шешімімен айқындалды, №13/24 хаттама);
  • «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының 2023 жылғы 5 мамырдағы №22/23 шешімімен Қоғамның Басқарма төрағасы М.З. Айманбетов Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды. 2023 жылғы 6 наурызда қайта сайланды. Өкілеттік мерзімі – 2027 жылғы 6 наурызға дейін (тұтастай алғанда Директорлар кеңесінің өкілеттігі аяқталғанға дейін «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының 06.03.2024 шешімімен айқындалды, №13/24 хаттама);
  • «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының 2023 жылғы 12 мамырдағы №23/23 шешімімен тәуелсіз директор Е.Б. Кыдырбаев Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды. 2024 жылғы 6 наурызда қайта сайланды. Өкілеттік мерзімі – 2027 жылғы 6 наурызға дейін (жалпы Директорлар кеңесінің өкілеттігі аяқталғанға дейін, «Самұрық-Қазына» АҚ басқармасының 06.03.2024 жылғы шешімімен айқындалды, №13/24 хаттама);
  • «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының 2023 жылғы 19 мамырдағы №24/23 шешімімен тәуелсіз директор А.А. Милютин Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды. 2024 жылғы 6 наурызда қайта сайланды. Өкілеттік мерзімі – 2027 жылғы 6 наурызға дейін (жалпы Директорлар кеңесінің өкілеттігі аяқталғанға дейін, «Самұрық-Қазына» АҚ басқармасының 06.03.2024 жылғы шешімімен айқындалды, №13/24 хаттама);
  • «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының 2023 жылғы 27 шілдедегі №37/23 шешімімен Директорлар кеңесінің төрайымы, «СамұрықҚазына» АҚ мүдделерінің өкілі болып Сәтжан Салтанат Ерболқызы сайланды. 2024 жылғы 6 наурызда қайта сайланды. Өкілеттік мерзімі – 2027 жылғы 6 наурызға дейін (жалпы Директорлар кеңесінің өкілеттігі аяқталғанға дейін, «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының №06.03.2024 шешімімен айқындалды, №13/24 хаттама).

Қоғамның Директорлар кеңесінің құрамында 6 мүше, оның ішінде 3 тәуелсіз директор және «Самрұқ-Қазына» АҚ мүдделерінің 2 өкілі бар.

Директорлар кеңесінің гендерлік құрамының анағұрлым алуан түрлілігін қалыптастыру мақсатында 2023 жылы Директорлар кеңесінің құрамына С. Сәтжан, С. Мыншарипова енгізілді. Бұдан кейін ұсынылған әйелдер үлесін кемінде 30% дейін арттырды.

GRI
405-1

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ Директорлар кеңесінің толық құрамы туралы ақпарат Қоғамның интернет-сайтында жарияланған:
https://skcn.kz/ru/news/sostav.

Қоғамның тұрақты дамуы
26